• kz

Даму Банкінің жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» холдингі) болып табылады. «Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында құрылды.

Бәйтерек» холдингінің негізгі міндеті – оған меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару.

«Бәйтерек» холдингінің миссиясы – бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарында азық-түлік қауіпсіздігін нығайту (дереккөз: baiterek.gov.kz).

Пайымы – жаңа салалық «өсу нүктелерін» дамыту арқылы Қазақстан экономикасының құрылымын сапалы түрлендіретін белсенді басқарушы холдинг (дереккөз: baiterek.gov.kz).

Негізгі міндеттер:

  • экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту;
  • кәсіпкерлікті дамыту;
  • өңдеу өнеркәсібін дамыту;
  • шикізаттық емес өнімдер экспортын қолдау;
  • еңбек өнімділігін арттыру;
  • бәсекеге қабілетті АӨК дамыту;
  • экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
  • халықтың әл-ауқатын жақсарту.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

  • кәсіпкерлікті қолдау;
  • үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту;
  • халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету.