Тел.: +7 (7172) 79 26 00
Баспасөз қызметі: +7 (7172) 79 26 08
e-mail: info@kdb.kz
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ шикізаттық емес экономиканы дамытуды қолдау жөніндегі негізгі институттардың бірі бола отырып, өзінің стратегиялық міндетін алға қояды және ел экономикасын әртараптандыру жөніндегі өзінің миссиясын жетілдіреді. Әр түрлі уақытта ҚДБ бірінші басшылары позицияларын иеленген топ-менеджерлердің Банк жұмысын жүйелі дамыту қадамдары мен пайымы Банкке өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымдағы жобаларды кредиттеу көлемі бойынша оң серпінді ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1981 жылғы 13 тамызда туған. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Алма-Ата «Халықаралық Банкі» АҚ маркетинг жөніндегі менеджері болып бастаған. Қазақстанның Даму Банкіне 2007 жылы жобаларды кредиттеу департаментінің инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджері лауазымына келді. 2015 жылы Басқарушы директор – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды. 2016 жылы - Басқарма төрағасының орынбасары. 2017 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» орденінің иегері (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №5812 жарлығымен)
2019 жылғы сәуірде Даму Банкі Басқармасының Төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
1957 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы және «Ақша, кредит, банктер» оқулығының бірлескен авторы.
Еңбек жолын Алматы облысы «Балтабайский» совхозында бастаған. Экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҚазҒЗИ аспирантурасын аяқтағаннан кейін осы институтта жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы болып жұмыс істеді (1984-1992 жылдар). Әр жылдары Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде, ҚР Ұлттық Банкінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ішкі істер министрлігінде, ҚР қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде басшылық қызметтерді атқарды. 2006 жылдан бастап – Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары. 2007 жылы алты жылға ҚР Қаржы министрі, 2013 жылы ҚР Өңірлік даму министрі болып тағайындалды.
2014 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымын атқарды.
«Құрмет» (2005) және «Парасат» (2011) ордендерімен марапатталған.
Асқар Достияровтың М&A (бірігу және қарамағына алу) мәмілелерін құрылымдау және табысты іске асыруды, сондай-ақ бизнесті дамытуды, операциялық басқаруды, дағдарыс-менеджментті және әртүрлі компаниялардағы өзгерістерді басқаруды қоса алғанда, әртүрлі салалар мен елдерде 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан, Астана қаласындағы квазимемлекеттік секторда жұмыс істегенге дейін «Казкоммерц Секьюритиз» (Алматы, Қазақстан), VISOR Investment Solutions (Алматы, Қазақстан), Mobile Telecom-Service (Алматы, Қазақстан), «Меридиан Капитал» инвестициялық тобында (Лондон, Ұлыбритания және Алматы, Қазақстан) түрлі басқарушылық лауазымдарды атқарды. Акционерлердің өкілі ретінде Thistle Mining, Қазақтелеком, Алтел, Нұрсат, Қарақұдықмұнай және т. б. компанияларының директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2013 жылғы маусымнан бастап 5 жыл бойы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің құрылымдарында әртүрлі басқарушылық позицияларда жұмыс істеді. Бәйтерек холдингінің басқарушы директоры-басқарма мүшесі, басқарма төрағасының м.а. және Қазақстан Даму Банкі төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды, Қазына Капитал Менеджмент басқармасының төрағасы болды. Қызмет атқарған жылдары ҚР экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» мемлекеттік орденімен, ҚР қаржы секторын дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін «Мерей», «Еңбек сіңірген қаржыгер», «Үздік қаржыгер» қоғамдық наградаларымен марапатталған.
2018 жылғы маусымнан бастап табысты жеке инвестор және меншігінде және басқаруында жобалары әртараптандырылған портфелі бар инвестициялық құрылымның иесі болып табылады.
1976 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997), Стэнфорд бизнес мектебін (2009) тәмамдаған. Халықаралық-экономист, Альфред Слоуэн бағдарламасы бойынша басқару саласындағы ғылым магистрі (Силикон алқабы, АҚШ).
Қаржы саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Жезқазғантүстімет»АҚ-та экономист болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінде, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, «Қазына»ТДҚ» АҚ, «CNRG Capital» инвестициялық компаниясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде қызмет атқарған.
2001-2002 жылдары Даму банкінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2010-2011 жылдары – ҚДБ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - басқарма мүшесі, 2011-2013 жылдар кезеңінде «Қазақстанның Даму Банкі»АҚ Басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді.
Ғали Есқалиев 1970 жылы 6 ақпанда ҚазКСР, Орал облысы, Талов ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (1993) және Халықаралық бизнес академиясын (2009) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Приурал агропромкомбинатының ғылыми-өндірістік кәсіпорнында бастаған. Әр жылдары «Темірбанк» ААҚ Орал филиалында жұмыс істеді, Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
ҚДБ-да еңбек жолын 2006 жылы Басқарушы директор болып бастаған. 2008 жылы вице-президент болып тағайындалды.
2009 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңде Даму банкі Басқармасының төрағасы лауазымын атқарды.
1964 жылы 30 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Мәскеу энергетикалық институтын «Электр жүйелерінің кибернетикасы» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.
Институтты бітірген соң Алматы энергетика институтының «Электр жүйелері және желілері» кафедрасының оқытушысы, ҚР Энергетика министрлігінің біліктілікті арттыру институты зертханасының бастығы болып жұмыс істеді.
1992-1993 жылдары Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институтында (Вашингтон қ., АҚШ) «Жобалық талдау» мамандығы бойынша оқыды. Кейін сол жерде оқытушы-ассистент, консультант болып жұмыс істеді.
1994 жылы ҚР шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінде сараптама басқармасының бастығы, 1994 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның мемлекеттік даму банкінің жобаларды сараптау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1995 жылғы тамызда ҚР Мемлекеттік Экспорт-импорт банкімен қосылғаннан кейін жобаларды сараптау департаментінің директоры болып тағайындалды.
1999 жылдан 2001 жылға дейін «Aon Kazakhstan» ЖШС бас менеджері болды.
2001 жылы Қазақстанның жаңа даму банкінің құрылуына байланысты Жобалық талдау департаментінің директоры болып тағайындалды. Әр кезеңде ҚДБ Басқарушы директоры, Вице-президенті және Президентінің м.а. лауазымдарында қызмет атқарды.
2007-2008 жылдары ҚДБ Президенті болды.
«Қайырымдалығы үшін «Сауап», «Астананың 10 жылдығы» ҚР медальдарымен марапатталған.
1972 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1994-1996), Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының Нарық институтын (1996), Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын-КИМЕП (1997) бітірген..
Еңбек жолын дилингтік операциялар басқармасының жетекші экономисті, бөлім бастығы - алтын-валюта резервтері басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары ретінде бастады (07.1994-06.1998 ж.ж.).
Әр жылдары «Қазтрансойл» ЖАҚ тасымалдау департаментінің менеджері (06.1998-04.1999 жж.), ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік борыш және бюджеттік кредиттеу департаменті директорының орынбасары (04.1999-01.2000 жж.), ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры (2000 ж.), «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Басқарушы директоры (08.2000-06.2002 жж.), «Ордабасы» корпорациясының президенті (04.1999 – 01.2000 жж.) 12.2004-04. 2005 ж.). ҚР Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары (2005-04. 2006) болды.
2002 жылдың шілдесінен 2003 жылдың тамызына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» ЖАҚ Басқарушы директоры болды. 2003 жылғы тамыздан 2003 жылғы желтоқсанға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ бірінші вице-президенті болды. 2006 жылғы сәуірден бастап - президенттің міндетін атқарушы, 2006 жылғы қазаннан бастап – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ президенті. 2007 жылғы сәуір-2007 жылғы қыркүйек аралығында, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2008 жыл – 2013 жыл – «Ситик Қазына» тікелей инвестициялар қоры директорының орынбасары. 2013 жылдан 2015 жылға дейін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. TechGarden «ИТП» АКФ Бас директорының орынбасары болды (2015-09.2019 ж)
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін TechGarden «ИТП» ДКҚ бас директоры болып табылады.
1979 жылы орта мектепті алтын медальмен бітірді.
Н.А. Вознесенский ат. Ленинград қаржы-экономикалық институтын (1979-1984) «Қаржы және кредит» мамандығы үздік бітірген. АҚШ-тың Айова штатының университетінде тағылымдамадан өтті (1993).
Еңбек жолын 1984 жылы Қазақ КСР Қаржы министрлігінің Орталық аппаратында бастаған. Ауыр өнеркәсіпті қаржыландыру басқармасының экономисінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас бюджеттік басқармасының Республикалық бюджетті талдау және атқару бөлімінің бастығына дейінгі жолдан өтті.
Әр жылдары «Alem Bank Kazakhstan» АҚ (Қазвнешэкономбанк), «ЦентрКредит банкі» АҚ, «АБС-Балхаш-алтын тау-кен компаниясы» АҚ, сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімдігінде басшылық қызметтерді атқарған.
«ЦентрКредит банкі» АҚ-тың Басқарма төрағасының орынбасары (1995-1999) болып жұмыс істей отырып, қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің арасында бірінші болып кеңестік есеп жүйесінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) көшуге мүмкіндік берген Бас кітап бухгалтерлік есеп жүйесін әзірлеп, енгізді.
Маңғыстау облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген кезеңде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы муниципалдық облигациялар шығарылымының негізін әзірлеп, авторы атанды (1999 жылғы 27 шілде) және ол сол кездегі ТМД-дағы ең жоғары болған Fitch IBCA жетекші рейтингтік агенттігінен халықаралық кредиттік рейтинг алды.
Бағалы қағаздар нарығының жаңа сегментінің - Қазақстанның муниципалдық бағалы қағаздар нарығының негізін қалаушылардың бірі болып табылады.
Экономика ғылымдарының кандидаты (Ph.D.), диссертация тақырыбы: «Туынды бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу тетігін жетілдіру (Қазақстан Республикасының мысалында)» (1998).
«Қазақстандық қор нарығы: ұйым, әлеует, өсу императивтері» кітабының, қаржы және бағалы қағаздар нарығы саласындағы бірқатар ғылыми жұмыстар мен жарияланымдардың авторы.
2002-2006 жылдар аралығында – «Қазақстанның Даму Банкі»АҚ президенті. Оның жеке қатысуымен әлемдік қаржы нарықтарындағы ұзақ мерзімді (15 және 20 жыл) сыртқы қарыз алу құнының елдік бенчмаркасы белгіленді. Бұдан басқа, осы жылдары Алматы облысындағы Шарын өзенінде қуаты 300 Мвт Мойнақ ГЭС және «Қазақстанның Солтүстік-оңтүстігі» транзитінің 500 кВ II электр беру желісі сияқты жүйелі және елдік өндірістік қуаттар іске қосылып, жұмыс істей бастады.
Одан әрі Халықаралық қаржы ұйымының – Еуразиялық Даму Банкі басқаруындағы Қазақстанның өкілі (2007-2011). Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы жобалық қызмет мәселелеріне жетекшілік етті.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының «Үздік қаржыгер» медалімен марапатталды (2013 ж.).
1962 жылы 19 қарашада дүниеге келген. 1985 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген.
1988 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің диссертациясын қорғаумен және экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алумен аспирантурасын бітірді.
Еңбек жолын 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында халық шаруашылығын жоспарлау кафедрасының оқытушысы, доцент м. а. болып бастады;
Коммерциялық ұйымдарда, банк секторында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді; ҚР Қаржы Министрінің орынбасары, ҚР ҚМ жанындағы Қазынашылық бастығы, Министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 1999-2018 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және сауда министрі, «Самұрық»мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, Энергетика және минералдық ресурстар министрі, Мұнай және газ министрі, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2018 жылғы қарашадан бастап «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ Басқарма төрағасы.
Мемлекеттік наградалары: «Дружба» ордені (РФ, 2004ж.), 3-дәрежелі «Барыс» ордені (2005ж.), «Барыс» ордені (2012ж.).
2001 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңде Даму банкінің президенті болды.