Құрметті тұтынушылар, Сіздерге «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 10 қарашадағы (№179 хаттама) және 2021 жылғы 28 желтоқсандағы (№90/21 хаттама) шешімдеріне сәйкес, инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар шеңберінде қарыз алушы компанияларға көрсетілетін банк қызметтері бойынша тарифтер жойылды. Атап айтқанда, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу; ұлттық және шетел валюталарындағы ақша аударымдары; валюталық бақылау; шоттағы қалдық үшін төлемдер; конверсиялық қызметтер; құжаттамалық аккредитивтер бойынша міндеттемелерді шығару және орындау; құжаттамалық инкассо; пошта және телеграф шығындары клиенттің сұратуы бойынша аудиттік компанияларға ақпарат беру; электрондық банк қызметтерін көрсету үшін алымдар алынып тасталғанын хабарлаймыз.
Кеңес ал!