• kz

Бос орындар

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ бос лауазымдарға үміткерлерге тең мүмкіндіктер ұсынады.

Банк мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдайды және қолайлы жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және қарау процесі ашық болып табылады. Іріктеудің негізгі критерийі әрқашан қатысуға шектеусіз біліктілік талаптары болып табылады.

Егер сіздің біліміңіз және/немесе тәжірибеңіз бос орын талаптарына сәйкес келсе, біз міндетті түрде сізбен хабарласамыз.

Бос лауазымның атауы: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры

Компанияның атауы: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесі (бұдан әрі – Қоғам)

1. Тәуелсіз директорға қойылатын жалпы талаптар

1.1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлануға кандидат:

1.1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуге тиіс.

1.1.2. Қызметінің көлемі мен сипаты ұқсас Қоғамға тән негізгі мәселелер бойынша жалпы ақпаратты меңгеруге, ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибеге және кандидатурасы ұсынылғанға дейінгі кемінде 2 (екі) жыл кәсіби тәжірибеге ие болуға, сондай-ақ төмендегілерді түсінетінін көрсетуге тиіс:

  1. Қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды;

  2. ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік ортаны.

1.1.3. Корпоративтік басқару және тұрақты даму қағидаттарын білуге тиіс.

1.1.4. Іскерлік және/немесе салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие болуға тиіс. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы фактілер болмауға тиіс.

1.1.5. Директорлар кеңесінің жұмысына тек Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сонымен қатар Директорлар кеңесінің отырыстарына арналған материалдарды тиісті түрде зерделеу үшін де жеткілікті уақыт бөлуге тиіс.

1.1.6. Бір мезгілде төрт және одан да көп заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің мүшесі болмауға тиіс.

1.1.7. Соңғы үш жыл ішінде Қоғамның аффилиирленген тұлғасы, сондай-ақ Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болмауға және олардың лауазымды тұлғалары – аффилиирленген тұлғаларымен бағыныстылық қатынастарда болмауға тиіс; соңғы үш жыл ішінде Қоғамның аудиторы болмауға тиіс.

1.1.8. Жыл сайын өзінің тәуелсіздігін растау рәсімінен өтуге және тәуелсіз директор мәртебесінен айырылған жағдайда Қоғамды хабардар етуге тиіс.

2. Арнайы талаптар

2.1. Қаржы, аудит және бақылау саласындағы мамандар болып табылатын тәуелсіз директор лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптар

2.1.1. Экономика және/немесе қаржы саласында жоғары білімінің, сондай-ақ қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/салық салу/аудит/тәуекелдерді басқару саласында қосымша білімі/кәсіби сертификатының болуы.

2.1.2. Мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

2.1.3. Қаржы ұйымдарында/холдингтік құрылымдарда/мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында/қаржылық қызметтерді реттеу саласында басқару органдарында немесе атқарушы органдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің және/немесе қаржылық аудит/комплаенс-менеджмент қызметтерін көрсету жөніндегі ұйымдарда басқару органында/атқарушы органда жұмыс тәжірибесінің/басшы/серіктес ретінде тәжірибесінің болуы.

3. Міндеттерді орындауға қажетті жеке және іскерлік құзыреттер

  • Міндеттерді орындау кезінде адалдық пен парасаттылық.

  • Қаралатын мәселелер бойынша объективті, тәуелсіз пікір қалыптастыру қабілеті.

  • Шешім қабылдау кезінде толық хабардар болу және қажетті құжаттар мен материалдарды жан-жақты зерделеу қабілеті.

  • Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің жұмысына белсенді әрі кәсіби қатысу.

  • Қабылданатын шешімдердің тәуекелдері мен ықтимал қолайсыз салдарын бағалай білу.

  • Іскерлік этиканың жоғары стандарттары.

  • Корпоративтік жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу қабілеті.

  • Қоғамның және тұрақты даму қағидаттарының мүддесі үшін әрекет ету қабілеті.

  • Корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, қаржы және аудит, тұрақты даму мәселелерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің салалық ерекшелігін түсіну.

  • Негізгі мүдделі тараптармен белсенді диалог жүргізу қабілеті.

4. Жұмыс шарттары

Жұмысқа қабылдау нысаны: шарт бойынша

5. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мынадай факторлар ескеріледі:

  1. басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

  2. Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;

  3. еңбек өтілі;

  4. білімі, мамандығы, оның ішінде халықаралық сертификаттарының болуы;

  5. бағыттар мен салалар бойынша кемінде 2 жыл құзыреттерінің/басшылық тәжірибесінің болуы (салалар активтер портфеліне қарай өзгеруі мүмкін);

  6. іскерлік беделі;

  7. тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы;

  8. «Сертификатталған директор» директорының кәсіби сертификатының болуы.

6. Директорлар кеңесіне мына тұлға сайлана алмайды:

  1. Қоғаммен бәсекелес заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органының басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын;

  2. бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

  4. мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданғанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезең ішінде немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейінгі кезеңде осы басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органының бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған. Аталған талап тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады;

  5. Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілі болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшесін қоспағанда, бір мезгілде төрт және одан да көп заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын;

  6. Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілі болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшесін қоспағанда, бір мезгілде екіден астам заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылатын.

Сондай-ақ ішкі аудит қызметінің, комплаенс қызметінің қызметкерлері және Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің мүшелері бола алмайды.

Атқарушы органның басшысын қоспағанда, атқарушы органның мүшелері Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.

Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар vacancy@kdb.kz электрондық поштасына мына құжаттарды жібереді:

  1. қоса берілген үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу туралы кандидаттың өтініші;

  2. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  3. қоса берілген нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 тамызды қоса алғанда.

Өтініш

Лауазымдық міндеттері


  • Заңды тұлғаларға берілген кредиттік желілер мен қарыздар бойынша кредиттік операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу, оның ішінде цессия шарттары бойынша берешекті есепке алу, сыйақыларды, комиссияларды және тұрақсыздық айыптарын есептеу, провизияларды қалыптастыру және құнсыздану сатылары бойынша есеп жүргізу (оның ішінде POCI, ЭПС).

  • Негізгі борышты, сыйақылар мен комиссияларды өтеу кестелерін бақылау, мерзімі өткен берешекті, кредиттік желілер лимиттерін және «Колвир» АБИС-тің «Кредиттер» модуліндегі ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу.

  • Шоттардың дұрыс ашылуын және кредиттік шарттардың параметрлерін, бухгалтерлік регистрлердің аналитикалық деректерге сәйкестігін бақылау.

  • Банктік қарыз шарттарын, кепілдіктер мен қамтамасыз етулерді (кепілдер және т.б.), сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды есепке алу.

  • Кредиттік бөлімшелермен, оның ішінде баланстан тыс және аналитикалық шоттар бойынша тұрақты түрде салыстырулар жүргізу.

  • Басшылыққа, уәкілетті органдарға, аудиторларға және клиенттерге (оның ішінде қайта құрылымдау сатысындағы жобалар бойынша) анықтамалар, тарқатулар, салыстыру актілері мен түсіндірмелер дайындау.

  • «Колвир» АБИС модульдерін енгізуге және жетілдіруге қатысу, функционал мен есептілікті жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  • Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және сараптауға, түгендеулерге қатысу, сондай-ақ қызмет бағыты бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау.

Кандидатқа қойылатын талаптар

  • Жоғары экономикалық білім.

  • Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы құпталады; бухгалтерлік есеп және салық салу саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерді, ҚЕХС-ты (МСФО), сондай-ақ қызмет бағыты бойынша бизнес-процестер құрылымын білу.

  • Кредиттік бөлімшелердің және қаржы институттарымен жұмыс істейтін бөлімшелердің операциялары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесі; Банктің ішкі нормативтік актілерін, шарттарын және қызметтік құжаттарын талдау, әзірлеу және сараптау дағдылары.

  • Кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл, бейініне сәйкес экономикалық қызмет түрі бойынша кемінде 3 жыл (Холдинг компаниялары тобы мен/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі құпталады).

  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеру, ағылшын тілін орта деңгейде білу.

  • Нәтижеге бағдарлану, іске адалдық, үнемді ойлау (Lean), бастамашылдық және инновациялық көзқарас.

  • Дербес компьютерді және кеңселік бағдарламаларды (Word, Excel, PowerPoint) сенімді меңгеру, АБИС және Lotus жүйелерінде жұмыс тәжірибесі.

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді (кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда). Лицензиялар мен сертификаттардың болуы талап етілмейді.
  • Несиелеу және мәмілелерді құрылымдау саласында білім (банктік сараптама жүргізу, инвестициялық жобаларды және/немесе экспорттық операцияларды қаржыландыру және мониторинг). Қазақстан Республикасының банк қызметі саласындағы заңнамасын және Банктің ішкі нормативтік актілерін білу.
  • ДК-ны сенімді пайдалану (Windows, MS Office: Excel, Word, PowerPoint). Құжаттар мен ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары. Сауатты ауызша және жазбаша тіл.
  • Жеке құзыреттер: проактивтілік, нәтижеге бағдарлану, инновациялық ойлау, ұқыпты (тиімді) басқару.

Функционалдық міндеттері:

  • Контрагенттер ұсынатын құжаттар пакетін несиелік өтінімді қараудың әртүрлі кезеңдерінде Банктің талаптарына сәйкестігіне тексеру. Банктың ақпараттық жүйесіне жоба бойынша деректерді енгізу және құжаттарды жүктеу.
  • Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қорытындылары мен ескертулерін талдау, жиынтық қорытындылар, ақпараттық анықтамалар және жоба паспорттарын дайындау. Контрагенттерге хаттар жолдау (уәкілетті органдардың шешімдері туралы, құжаттарды ұсыну қажеттілігі және өзге де мәселелер бойынша).
  • Типтік шарттарға келіспеушіліктер хаттамаларын дайындау (несиелік құралдар, қамтамасыз ету шарттары және өзге келісімдер). Өтініш беруші/қарыз алушы құжаттарын барлық кезеңдерде талдау және тексеру, «стоп-факторларды» анықтау және мүдделі тұлғаларды хабардар ету.
  • Құжаттар пакетін Банктің тиісті бөлімшелеріне жолдау. Жүйеде скан-көшірмелердің болуын қамтамасыз ету, түпнұсқалар мен көшірмелерді салыстыру.
  • Контрагенттердің қаржылық есептілікті, жоба іске асыру жоспарын және өзге құжаттарды уақтылы ұсынуын бақылау. Дирекция құзыреті шеңберінде кіріс хаттарға жауаптар дайындау.
  • Контрагенттермен кездесулерді ұйымдастыру. Кредиттік менеджердің, басшының және жетекшілік ететін басқарушы директордың өзге де тапсырмаларын орындау.

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Жоғары техникалық білім (қосымша экономикалық білім немесе ғылыми дәреже болғаны жөн);
  • Кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Мемлекеттік тілді С1 деңгейінде меңгеру;
  • Құпталады: жобаларды басқару, СМЖ (сапа менеджменті жүйесі), FIDIC негіздері бойынша сертификаттардың болуы.

Функционалдық міндеттері:

  • Инвестициялық жобалар мен лизингтік мәмілелерді қарауға қатысу;
  • Барлық кезеңдерде (талдау, сараптама, мониторинг) техникалық бөлім және сатып алулар бойынша қорытындылар дайындау;
  • Тәуекелдерді айқындау және бағалау, оларды төмендету бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • Жеткізушілермен және мердігерлермен жасалатын шарттарды талдау;
  • Жобалық құжаттарды бағалау және ұсынымдар дайындау;
  • Іссапарлық тексерулерге қатысу;
  • Жобаларға мониторинг жүргізу;
  • Ерте ескерту сигналдары бойынша ақпарат дайындау;
  • Ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіруге қатысу;
  • Несиелік құралдар мен процестерді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • IT-шешімдерді енгізуге және автоматтандыруға қатысу;
  • Тәуекелдерді ерте анықтау жүйесі бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
  • Мамандандырылған ұйымдарды аккредитациялау;
  • Консультанттармен өзара іс-қимыл және деректер базасын жүргізу;
  • Құпиялылық талаптарын сақтау;
  • Бюджеттеуге қатысу және оның орындалуын бақылау;
  • Басшылықтың тапсырмаларын орындау;
  • Тәуекелдерді уақтылы айқындау және олар туралы хабарлау

Міндеттері:

  1. Жобалар шеңберінде тәуекел-менеджмент функцияларын орындауға байланысты Банк мүдделерін ұсыну және қорғау бойынша қызметтер көрсету.
  2. Ақшаны жылыстатуға байланысты болуы мүмкін операцияларды анықтау мақсатында төлемдерге мониторинг жүргізу.
  3. Қарыз алушының Банк уәкілетті органдарының шешімдерін, сондай-ақ Банк пен Компания арасында жасалған келісімдер мен шарттардың талаптарын орындауын бақылау.
  4. Қарыз алушы реструктуризация келісімдерін, қарыз шарттарын немесе оның төлем қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін өзге де талаптарды орындамаған жағдайда, Компанияның ағымдағы шоттарынан қарызды өтеуге бағытталған төлемдер бойынша шешімдер дайындау және қабылдау.
  5. Өндіріс және өнімді өткізу барысында материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану дұрыстығын тексеру арқылы Банктің кредит қаражаттарының уақтылы қайтарылуын бағалау.
  6. Банктің кредит қаражаттарын мақсатты пайдалануды бақылау және Қарыз алушының қаржылық қызметін талдау.
  7. Жобаны іске асыру барысында материалдық және қаржылық ресурстардың жұмсалуын тексеру арқылы кредит қаражаттарының уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуді бағалау.

Талаптар:

  1. Экономика және қаржы саласында жоғары білім. Қызметтің функционалдық бағытына сәйкес жұмыс тәжірибесі болған жағдайда техникалық білімге рұқсат етіледі.
  2. Бухгалтерлік/қаржылық жұмыс тәжірибесі.

Міндеттері:

  • Жобаларды кредиттік үдерістің барлық кезеңдерінде сүйемелдеу: қарыз алушымен кеңес беруден бастап іске асыру мониторингіне дейін.
  • Жобаларды ЭҚЖ жүйесінде қарауды бастау және үйлестіру, кредиттік органдарға арналған материалдарды дайындау.
  • Қарыз алушылармен, сақтандыру компанияларымен, аудиторлармен және кеңесшілермен байланыс жүргізу.
  • Кредиттік өнімдер мен үдерістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу.
  • Мемлекеттік органдардың, Холдингтің және клиенттердің профильдік сұрауларына жауап беру.

Талаптар:

  • Экономика/қаржы саласында жоғары білім.
  • Инвестициялық/кредиттік талдау немесе жобаларды сүйемелдеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Несие беру, мәміле құрылымдау, ҚР банк қызметі туралы заңнамасын білу.
  • Қаржылық модельдермен жұмыс істеу, презентациялар дайындау және келіссөздер жүргізу дағдыларының жоғары деңгейі

Міндеттері:

  • Уәкілетті органдардан және Банк құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін сұрауларға жауаптар дайындау
  • Банктың «Отчетность банка» деректер базасында (АИС IBM Notes) Клиенттермен жұмыс істеу дирекциясының айлық/тоқсандық есептерін дайындау
  • Банктің ішкі бөлімшелері мен Дирекцияға келіп түсетін сыртқы сұраулар үшін деректерді жинау және өңдеу
  • Клиенттермен жұмыс істеу дирекциясының міндеттері аясында басшылықтың тапсырмасы бойынша қызметтік құжаттарды дайындау
  • Жоба бойынша деректерді енгізу және құжаттарды Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу
  • Жобаларды алдын ала қарау және банктік сараптама кезеңдерінде бөлімше құжаттарын архивке тапсыруды қамтамасыз ету

Талаптар:

  • Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
  • Қаржы, экономика немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім 

Міндеттері:

  • Жобаларды кредиттік үдерістің барлық кезеңдерінде сүйемелдеу: қарыз алушымен кеңес беруден бастап іске асыру мониторингіне дейін.
  • Жобаларды ЭҚЖ жүйесінде қарауды бастау және үйлестіру, кредиттік органдарға арналған материалдарды дайындау.
  • Қарыз алушылармен, сақтандыру компанияларымен, аудиторлармен және кеңесшілермен байланыс жүргізу.
  • Кредиттік өнімдер мен үдерістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу.
  • Мемлекеттік органдардың, Холдингтің және клиенттердің профильдік сұрауларына жауап беру.

Талаптар:

  • Экономика/қаржы саласында жоғары білім.
  • Инвестициялық/кредиттік талдау немесе жобаларды сүйемелдеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Несие беру, мәміле құрылымдау, ҚР банк қызметі туралы заңнамасын білу.
  • Қаржылық модельдермен жұмыс істеу, презентациялар дайындау және келіссөздер жүргізу дағдыларының жоғары деңгейі

Міндеттері: 

  • Кепіл мүліктің жай-күйін және бар-жоғын жоспар бойынша мониторинг жүргізу, соның ішінде РК аумағындағы және шетелдегі нысандарға шығу; 
  • Кепіл мүліктің нарықтық құнын бағалау және оның жеткіліктілігін есептеу; 
  • Мониторинг нәтижелері бойынша есептер дайындау және бекіту; 
  • Залдық мүліктің сандық және сапалық жағдайын бақылау, алдын алу шараларын қабылдау; 
  • Басшылыққа және уәкілетті органдарға тәуекелдер туралы хабарлау; 
  • Кепіл мүлік туралы ақпаратты ерте ескерту жүйесінде уақтылы көрсету; 
  • Ішкі нормативтік құжаттаманы әзірлеу және жаңарту; 
  • Несие құралдарын жетілдіру және процестерді автоматтандыруға қатысу; 
  • Жұмыс топтарында банк процестерін жақсартуға атсалысу; 
  • Кепіл мүлікті тексеруге шығуларды жоспарлау; 
  • Тәуекелдерді талдау және басқару. 
  • Талаптары: 

  • Тиісті салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, бизнес бағалау бойынша кемінде 2 жыл; 
  • Экономикалық қызмет саласында (корпоративтік несие, консалтинг) кемінде 2 жыл; 
  • Жоғары білім – мүлік бағалау, экономика, математика немесе қаржы салалары бойынша; 
  • Бағалаушы сертификаты немесе куәлігі (артықшылық); 
  • Аналитикалық ойлау және қаржылық модельдеу дағдылары. 

Бос орындарға орналасуға өткізілетін конкурсқа қатысу форматы:

Бос позицияларға конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер бос позицияның атауын міндетті түрде көрсете отырып, түйіндемені vacancy@kdb.kz поштасына жіберу қажет. Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаса конкурсқа қатысу мүмкін емес. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (7172) 792614.

Егер жұмысқа қабылдау кезінде Банк қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне (заңсыз талаптар, парақорлық немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының басқа да белгілері) тап болсаңыз, өтініштеріңізді ерте байқау формасы арқылы жолдауыңызды сұраймыз.

Жеке кабинетте сіз ағымдағы бос жұмыс орындарын қарап, оларға өтінім бере аласыз, сондай-ақ тестілеуден өтіп, сауалнаманы толтыра аласыз.


«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары тобының өзекті бос жұмыс орындарымен арнайы платформада танысуға болады.
https://jobs.baiterek.gov.kz/kz/ сілтемесі бойынша өту арқылы ағымдағы ұсыныстарды қарастырып, сізді қызықтыратын лауазымға өтініш беріңіз.

Бос орындар мұрағаты:

Талаптар:

  • Жоғары білім (IT / ақпараттық қауіпсіздік / техникалық / экономикалық)

  • IT немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс тәжірибесі

  • Ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын түсіну (соның ішінде ISO 27001)

  • Желілік және жүйелік әкімшілендіру негіздерін білу

  • ҚР Еңбек кодексін білу

  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (SIEM, IDS/IPS, DLP және т.б.) артықшылық болады

  • Ірі компанияларда / холдингтерде / мемлекеттік құрылымдарда жұмыс тәжірибесі құпталады

Дағдылар:

  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әкімшілендіру

  • Желілік және серверлік жабдықты баптау

  • Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін талдау және тергеу

  • SIEM, IDS/IPS, DLP, NAC жүйелерімен жұмыс

  • Құжаттама жүргізу және есептілік дайындау

Міндеттері:

  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әкімшілендіру және сүйемелдеу

  • АҚ оқиғаларын мониторингтеу және талдау, инциденттерге әрекет ету

  • Ақпаратты қорғау шараларын енгізу және баптау

  • Ішкі тексерулер мен аудиттерге қатысу

  • Нормативтік құжаттаманы әзірлеу және өзектендіру

  • Қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік бойынша хабардарлығын арттыру (оқыту, хабарламалар, тестілеу)

Жеке қасиеттер:

  • Нәтижеге бағдарлану

  • Жауапкершілік

  • Проактивтілік

  • Дамуға және оқуға дайындық

Лауазымдық міндеттері

  1. Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
  2. Банктің ішкі актілеріне сәйкес ІАҚ жұмысының ұйымдастырылуын, сондай-ақ ІАҚ-қа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
  3. ІАҚ мақсаттарына қол жеткізу үшін оның құзыретінің, міндеттері мен функцияларының өзектілігіне мерзімді бағалау жүргізу;
  4. Ішкі аудиторларды іріктеу, жұмысқа қабылдау, оқыту және олардың тиісті кәсіби құзыреттерін дамытуға жәрдем көрсету арқылы ІАҚ-тың тиімді қызметі мен оны басқаруды қамтамасыз ету;
  5. Ішкі аудит және (немесе) ІАҚ қызметі мәселелері бойынша Банктің ішкі актілерін әзірлеуді, сондай-ақ оларды мерзімді түрде талдауды және өзектендіруді қамтамасыз ету;
  6. Банктің Директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қағидаттары мен рәсімдерінің ІАҚ қызметінде қолданылуын қамтамасыз ету;
  7. ІАҚ қызметіне тән тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;
  8. ІАҚ қызметкерлерінің Кәсіптік практиканың халықаралық негіздерінің (МОПП) міндетті элементтерін сақтауын қамтамасыз ету;
  9. Белгіленген тәртіпке сәйкес ІАҚ қызметін жоспарлау және ІАҚ стратегиясы мен жылдық аудит жоспарының (ҒАП) орындалуын бақылау;
  10. Құпиялылықты сақтау, ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, саясаттар мен рәсімдердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  11. ІАҚ туралы ережеге, Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарына және Банктің өзге де ішкі актілеріне сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс аудит тапсырмаларын ұйымдастыруға, жүргізуге қатысу және олардың орындалуын бақылау;
  12. Аудит тапсырмаларын орындауға қатысатын және олардың орындалуына жауапты ІАҚ қызметкерлерінің құрамын және жұмыстар көлемін айқындау;
  13. Аудит бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз ету және оларды бекіту;
  14. Аудиторлық байқаулардың тиісінше құжатталуын, аудит тапсырмаларының қорытындылары бойынша қорытындылардың рәсімделуі мен қалыптастырылуын, аудит барысында анықталған барлық фактілер мен кемшіліктердің көрсетілуін, сондай-ақ негізделген ұсынымдардың әзірленуін бақылау;
  15. Банктің қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
  16. Аудит тапсырмаларын ұйымдастыруға, жүргізуге және олардың нәтижелеріне қатысты мәселелер бойынша Банктің және оның еншілес ұйымдарының (болған жағдайда) құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және атқарушы органымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  17. Банктің қаржылық есептілігіне жүргізілген сыртқы аудит нәтижелері бойынша сыртқы аудиторлардың есептерін, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ішкі аудит мәселелері жөніндегі консультанттардың, сондай-ақ Банктің қызметіне қатысты уәкілетті (қадағалау) мемлекеттік органдардың есептерін қарауға қатысу;
  18. ІАҚ ұсынымдарының және сыртқы аудитордың, уәкілетті (қадағалау) мемлекеттік органдардың, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерін бағалау мәселелері жөніндегі консультанттардың қорытындылары бойынша Банктің уәкілетті органдары бекіткен іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу және олардың орындалуын растау, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де ұсынымдардың орындалуын бақылау;
  19. Ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерін қоса алғанда, Аудит комитетіне және Банктің Директорлар кеңесіне есептер мен өзге де ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз ету;
  20. Мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, сондай-ақ жұмыс тәжірибесімен алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне ротация жүргізу;
  21. ІАҚ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау;
  22. ІАҚ қызметінің сапасына ішкі және сыртқы бағалау жүргізілуін қамтамасыз ету;
  23. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Аудит комитетінің мүшелерімен, Директорлар кеңесімен және сыртқы аудиторлармен консультациялар мен талқылаулар өткізуге бастамашылық жасау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің және (немесе) Аудит комитетінің отырысын шақыруға бастамашылық ету;
  24. Ішкі аудит, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, бұл ретте ұсынылған консультациялық қызметтердің негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАҚ-қа жауапкершілік жүктелуіне жол бермеу;
  25. Аудит комитетіне және Директорлар кеңесіне ІАҚ қызметкерлерінің штат санын, өкілеттік мерзімін, тағайындалуын және ауыстырылуын, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды, ІАҚ жұмысының шарттары мен тәртібін, еңбекке ақы төлеу, сыйлықақы беру және өтемақы төлеу шарттары мен мөлшерлерін, сондай-ақ ІАҚ-ты ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
  26. ІАҚ құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың хаттары мен өзге де өтініштерін қарауды және олар бойынша тиісті түсіндірмелердің дайындалуын қамтамасыз ету;
  27. Қызметтік тергеп-тексерулерге қатысу, сондай-ақ ІАҚ туралы ережеде белгіленген тәртіппен арнайы тексерулер жүргізу;
  28. Жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу мәселелерін талқылауға және осыған байланысты Банктің қосымша тәуекелдерін бағалауға қатысу;
  29. Ішкі аудит, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;
  30. Қазақстан Республикасының заңнамалық, реттеуші және талдамалық құжаттарын, Кәсіптік практиканың халықаралық негіздеріндегі (МОПП), қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарындағы өзгерістерді зерделеу және Банктің ішкі рәсімдері мен актілеріне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
  31. ІАҚ құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ Банктің Аудит комитеті және (немесе) Директорлар кеңесі ІАҚ-қа жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Біліктілік талаптары

  1. мынадай бағыттардың бірі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы: қаржы және (немесе) экономика, және (немесе) бухгалтерлік есеп пен аудит, және (немесе) құқық, және (немесе) менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік;
  2. аудит және (немесе) ішкі аудит, және (немесе) бақылау, және (немесе) қаржы саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын ұйымдарда және (немесе) қаржы ұйымдарында не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  3. аудит немесе қаржы саласында басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  4. Ішкі аудиттің кәсіптік практикасының халықаралық негіздерін (МОПП), Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын және ішкі аудиттің үздік халықаралық практикасын, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, сондай-ақ Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын жан-жақты білуі және түсінуі;
  5. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу, акционерлік қоғамдар, еңбек, мемлекеттік мүлік және қаржы мәселелері бойынша заңнаманы білуі;
  6. мемлекеттік тілді білуі, ағылшын тілін меңгергені құпталады;
  7. Ішкі аудиторлар институтының мынадай кәсіби сертификаттарының бірінің болуы: CIA (Certified Internal Auditor), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) немесе кемінде IAP (Internal Audit Practitioner);
  8. мынадай кәсіби сертификаттардың біреуінің немесе бірнешеуінің болғаны жөн: ACCA (Association of Chartered Certified Accountants), DipIFR (Diploma in International Financial Reporting), CFA (Chartered Financial Analyst), CIPA (Certified International Professional Accountant), CFE (Certified Fraud Examiner), CISA (Certified Information Systems Auditor), CISM (Certified Information Security Manager) немесе халықаралық деңгейде танылған өзге де ұқсас кәсіби сертификат.

ІАҚ басшысы лауазымына тағайындауға жол берілмейді:

  1. соңғы үш жыл ішінде Банктің және (немесе) оның еншілес ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы және (немесе) басшы қызметкері болған адам;
  2. экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар, сондай-ақ конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар адам.

Қызметтік міндеттері:

  • Банк құрылымдық бөлімшелерімен, қаржы институттарымен (оның ішінде ЕДБ), Банктің еншілес ұйымдарымен және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен қарыздарды қаржыландыру, өтеу және қайта құрылымдау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды үйлестіруге қатысу.
  • Дирекция құзыретіне кіретін мәселелерді Банктің уәкілетті органдарының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қарауына енгізу үшін материалдар дайындауға қатысу.
  • Банк басшылығы үшін ақпарат, қорытындылар мен ұсыныстар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың сұрауларына жауаптар дайындау; мемлекеттік органдар, банктер және басқа ұйымдар өкілдерімен келіссөздерге қатысу.
  • Дирекция құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық және презентациялық материалдар дайындау.
  • Дирекция қызметінің бағыттары бойынша есептілік дайындау, оның ішінде басшылықтың және сыртқы контрагенттердің сұраулары бойынша.
  • Қызмет шеңберінде тәуекелдерді айқындау және талдау, оларды төмендету бойынша шаралар қабылдау.
  • Дирекция құзыреті шеңберінде өзге де тапсырмаларды орындау.

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Экономика саласында жоғары білім (магистр дәрежесінің немесе екінші жоғары білімнің болуы құпталады).
  • Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Қазақстан Республикасының банк қызметі саласындағы заңнамасын және Банктің ішкі нормативтік құжаттарын білу.

Кандидатқа қойылатын талаптар

  • Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, құқық, менеджмент, IT/ақпараттық қауіпсіздік);
  • Ішкі аудит / бақылау / қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында немесе мемлекеттік органдарда кемінде 3 жыл;
  • Аудит немесе қаржы саласында басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • МОПП, Ішкі аудиттің халықаралық стандарттары және ішкі аудиттің үздік тәжірибелерін білу;
  • Корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін түсіну;
  • ҚЕХС (МСФО) білу;
  • ҚР заңнамасын білу (аудит, бухгалтерлік есеп, салық салу, АҚ, еңбек құқығы, мемлекеттік мүлік, қаржы);
  • Мемлекеттік тілді білу, ағылшын тілі — құпталады;
  • Міндетті сертификаттар: CIA / CRMA / IAP;
  • Құпталады: ACCA, DipIFR, CFA, CIPA, CFE, CISA, CISM немесе өзге де халықаралық сертификаттар.

Негізгі міндеттері

  • Ішкі аудит қызметінің (ІАҚ) қызметіне басшылық ету;
  • ІАҚ жұмысын ұйымдастыру және оның функцияларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • ІАҚ міндеттері, функциялары мен құзыреттерінің өзектілігін бағалау;
  • Команданы қалыптастыру, ішкі аудиторларды дамыту және оқыту;
  • Ішкі аудит бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру;
  • Директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит стандарттарының қолданылуын қамтамасыз ету;
  • ІАҚ тәуекелдерін бағалау және басқару;
  • МОПП талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • ІАҚ қызметін жоспарлау және стратегия мен жылдық аудит жоспарының орындалуын бақылау;
  • Құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
  • Жоспарлы және жоспардан тыс аудиттерді ұйымдастыру және бақылау;
  • Команда ішіндегі міндеттерді бөлу және жауапты тұлғаларды анықтау;
  • Аудит бағдарламаларын бекіту;
  • Аудиторлық құжаттаманың және есептіліктің сапасын бақылау;
  • Аудит нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар қалыптастыру;
  • Ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау;
  • Банк бөлімшелерімен және еншілес ұйымдармен өзара іс-қимыл;
  • Сыртқы аудиторлар мен қадағалау органдарының есептерін қарауға қатысу;
  • Анықталған ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу;
  • Аудит комитеті мен Директорлар кеңесіне есептілік дайындау;
  • ІАҚ қызметінің ішкі және сыртқы сапа бағалауын қамтамасыз ету;
  • Басқару органдарымен және сыртқы аудиторлармен талқылауларды бастамалау;
  • Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша консультациялар беру (басқарушылық шешімдер қабылдамай);
  • ІАҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
  • Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында қызметкерлерді ротациялау;
  • Қызметтік тергеп-тексерулерге және арнайы тексерулерге қатысу;
  • Жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу кезіндегі тәуекелдерді бағалау;
  • Халықаралық тәжірибені және стандарттардағы өзгерістерді (МОПП, ҚЕХС) талдау;
  • Ішкі процестер мен құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау (құзыреті шегінде);
  • ІАҚ құрылымы, штат саны, еңбек жағдайлары және еңбекақы бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Аудит комитеті мен Директорлар кеңесінің тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Жоғары білім
  • Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Кәсіби білім мен дағдылар:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын, оның ішінде банк қызметін реттеу саласын білу
  • Ұйымдық құрылым мен иерархияны түсіну
  • Іс-шараларды, кездесулерді, конференциялар мен іссапарларды жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары
  • Іскерлік этикет пен протоколды білу
  • Мемлекеттік (қазақ) тілін меңгеру
  • Ағылшын тілін меңгеру

Міндеттері:

  • Басшыны ақпараттық-анықтамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу
  • Басшының тапсырмасы бойынша қызметтік құжаттарды дайындау
  • Ұйымдастыру техникасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
  • Іскерлік және телефон арқылы келіссөздер жүргізу
  • Кеңестер мен жұмыс кездесулерін ұйымдастыру және сүйемелдеу
  • Сыртқы ұйымдармен өзара әрекеттесу (телефон, e-mail және т.б.)
  • Кіріс қоңырауларды қабылдау және өңдеу
  • Кіріс хат-хабарларды тіркеу және есепке алу
  • Басшының қол қоюына ұсынылатын құжаттардың сапасын бақылау
  • Іссапарлар мен кездесулерді ұйымдастыру
  • Келіп түсетін ақпаратты жедел өңдеу
  • Жазбаша және ауызша аударма (қазақ / орыс / ағылшын тілдері)
  • Қызметтік құжаттарды редакциялау және корректуралау
  • Банкте мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылуына қатысу

Міндеттері:

  1. BPM жүйесінің модульдерінде жұмыстарды орындау бойынша қызметтер көрсету, оның ішінде: «Кредиттеу», «Құжаттамалық рәсімдеу», «Провизияларды есептеу», «Алқалы органдармен келісу», «Персоналды басқару», «Анықтамалықтарды жүргізу», «Бизнес-процестерді басқару», «Ақпараттық жүйелердегі өзгерістерді басқару» және т.б.
  2. Аталған модульдерді баптау және конфигурациялау.
  3. Функционалдың бизнес және функционалдық талаптарға сәйкессіздіктерін анықтау мақсатында тестілеуге қатысу, сондай-ақ әзірленіп жатқан жүйенің прототипін тестілеуге қатысу.

Міндеттері:

  • Уәкілетті органдардан және Банк құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін сұрауларға жауаптар дайындау
  • Банктың «Отчетность банка» деректер базасында (АИС IBM Notes) Клиенттермен жұмыс істеу дирекциясының айлық/тоқсандық есептерін дайындау
  • Банктің ішкі бөлімшелері мен Дирекцияға келіп түсетін сыртқы сұраулар үшін деректерді жинау және өңдеу
  • Клиенттермен жұмыс істеу дирекциясының міндеттері аясында басшылықтың тапсырмасы бойынша қызметтік құжаттарды дайындау
  • Жоба бойынша деректерді енгізу және құжаттарды Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу
  • Жобаларды алдын ала қарау және банктік сараптама кезеңдерінде бөлімше құжаттарын архивке тапсыруды қамтамасыз ету

Талаптар:

  • Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
  • Қаржы, экономика немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім 

Міндеттері:

  • Ерте ескерту жүйесі аясында іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде индикаторларды жаңарту, деректерді шоғырландыру, есептілікті дайындау және көрсеткіштер мен ковенанттардың бұзылуы туралы хабарлау
  • Инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды мониторингтеу бойынша жоспар-кестелерді қалыптастыру және жаңарту
  • Провизияларды есептеу процесін үйлестіру, соның ішінде кредиттік және инвестициялық портфельдер, дебиторлық берешек және құнсыздану белгілері бойынша деректерді жинау және валидациялау
  • Тәуекел көрсеткіштерінің (LGD, PD, дисконтталған ақша ағындары), сондай-ақ провизиялар деңгейі мен болжамының ХҚЕС және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес дұрыс есептелуін қамтамасыз ету
  • Стресс-тестілеу жүргізу және сценарийлердің қарыз алушылардың тәуекел профиліне әсерін бағалау
  • Контрагенттерді топтастырудың дұрыстығын бақылау, лимиттерді мониторингтеу және олар бұзылған жағдайда ұсынымдар дайындау
  • Басшылыққа, уәкілетті органдарға және акционерге кредиттік тәуекелдер бойынша есептілікті дайындау және ұсыну, соның ішінде дерекқорларды жүргізу
  • Кредиттік тәуекелдерді анықтау және бағалау, ішкі рейтингтерді валидациялау, сондай-ақ проблемалық активтерді мониторингтеу, қайта құрылымдау және сүйемелдеу процесіне қатысу
  • Сараптама кезеңінде және қаржыландыру шарттары өзгерген кезде болжамды провизияларды есептеу
  • Бөлімшенің операциялық тәуекелдерін анықтау және бағалау, оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу
  • Ішкі құжаттар мен басшылық тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау

Талаптар:

  • Экономика, қаржы немесе математика саласында жоғары білім
  • Кредиттік тәуекелдер, провизиялар, инвестициялық немесе қаржылық талдау не бизнесті бағалау саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі
  • ХҚЕС және кредиттік тәуекелді бағалау тәсілдерін білу
  • Қаржылық деректермен аналитикалық жұмыс жүргізу және есептілік дайындау дағдылары
  • Мемлекеттік тілді С1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру

Талаптар:

  • Жоғары экономикалық немесе математикалық білім.
  • Кәсіби салада немесе сабақтас бағыттарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Қазақстан Республикасының банк саласындағы заңнамасын және ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік актілерін білу.
  • Банктің ішкі құжаттарын, тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау негіздерін білу.
  • Тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық стандарттарды білу (Базель, COSO).
  • Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру.
  • ДК-ны сенімді пайдаланушы (MS Office және банктік жүйелер).
  • Талдау жүргізу, есептілік дайындау және ішкі құжаттарды әзірлеу дағдыларының болуы.

Міндеттері:

  1. Банкте тәуекел мәдениетін дамыту: бөлімшелер қызметін үйлестіру, оқыту материалдарын әзірлеу, әдістемелік қолдау көрсету.
  2. Операциялық тәуекелдерді басқару: процестерді үйлестіру, әдістемелік қолдау, нормативтік базаны әзірлеу және жетілдіру, автоматтандыруға және есептілік дайындауға қатысу.
  3. Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру: ішкі құжаттарға сараптама жүргізу, бөлімшелерді үйлестіру, әдістемелік материалдар мен есептілікті әзірлеу.
  4. Бөлімшенің құзыреті шеңберіндегі міндеттерді орындау: есептілік және талдамалық материалдар дайындау, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, келіссөздерге қатысу, қызметтің заңнама мен ішкі актілерге сәйкестігін бағалау, тәуекелдерді басқару процестеріне қатысу.

Кандидатқа қойылатын талаптар

  • Жоғары білім;
  • Әкімшілік жұмыс, іс жүргізу, құжат айналымы, сатып алу немесе ұқсас бағыттар бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақстан Республикасының құжаттамалық қамтамасыз ету және іс жүргізу саласындағы заңнамасын білу;
  • Құжат айналымына қатысты ҚР нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Мемлекеттік тілді білу;
  • ҚР заңнамалық және нормативтік базасын, оның ішінде банк қызметінің негіздерін білу;
  • Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру негіздерін білу;
  • Бюджетті жоспарлау және орындау негіздерін білу;
  • Құжат айналымын және мұрағат ісін жүргізу дағдылары;
  • Электрондық құжат айналымы жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
  • Қызметтік және ресми құжаттарды дайындау дағдылары;
  • Іскерлік коммуникация дағдылары;
  • MS Office бағдарламаларын сенімді меңгеру.

Лауазымдық міндеттері

  • Шығыс хат-хабарларды тіркеу және курьерлік қызмет арқылы жөнелтуді ұйымдастыру;
  • Өкімдік құжаттарды, сенімхаттарды, шарттарды, келісімдерді және қосымша келісімдерді «Lotus» жүйесінде тіркеу;
  • Бұйрықтарды тіркеу және құжаттарды мұрағатқа өткізу үшін дайындау;
  • Құрылымдық бөлімшелер құжаттарын аудару процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
  • Қатаң есептілік бланкілерінің пайдаланылуын есепке алу, бақылау және жою актілерін дайындау;
  • Аударма және курьерлік қызметтер бойынша бюджетті қалыптастыру және сатып алу рәсімдерін сүйемелдеу;
  • Қызметтік сұрауларды, хаттарды және өзге де әкімшілік құжаттарды дайындау;
  • Құжат айналымы және әкімшілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесу;
  • Құпиялылық, ақпараттық қауіпсіздік және ішкі нормативтік құжаттар талаптарын сақтау.

Міндеттері:

  • Уәкілетті органдар мен Банктің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен сұраныстарға жауап дайындау
  • «Банктің есептілігі» жүйесінде (АБ АБЖ, IBM Notes) Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның ай сайынғы және тоқсандық есептілігін қалыптастыру
  • Банктің ішкі бөлімшелері мен ДКЖ (ДРК) атына келіп түскен сыртқы сұраныстар үшін деректерді жинау, өңдеу және талдау
  • Басшылық тапсырмасы бойынша қызметтік жазбалар мен өзге де құжаттарды дайындау
  • Бөлімше құжаттарын жобаларды алдын ала қарау және банктік сараптау кезеңдерінде мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету

Талаптар:

  • Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
  • Қаржы, экономика немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім

Талаптар:

  • Жоғары білім (қаржы / экономикалық)
  • Кәсіби немесе ұқсас салада жұмыс тәжірибесі — кемінде 1 жыл
  • Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі — C1
  • Ағылшын тілі — B2 деңгейі (орта)
  • Жеке қасиеттер: жауапкершілік, егжей-тегжейге мұқияттылық, аналитикалық ойлау, коммуникабельділік, әдептілік және адалдық
  • ДК-ны сенімді пайдаланушы (MS Office: Excel, Word, PowerPoint)

Міндеттері:

  • Несиелік өтінімдерге сараптама жүргізу (индикативтік талдау және банктік сараптама), жобалар бойынша ұсыныстар дайындау
  • Жобалардың қаржылық мониторингі, қарыз алушылардың, кепілгерлердің және контрагенттердің есептілігін талдау және салыстыру
  • Қорытындылар, басқарушылық есептілік, презентациялық және аналитикалық материалдар дайындау
  • Процестерді автоматтандыруға және несиелік рәсімдерді оңтайландыруға қатысу
  • Ішкі және сыртқы сұраныстар бойынша ақпарат дайындау
  • Банктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және келісу, әдіснаманы жетілдіруге қатысу
  • Қаржылық активтердің құнсыздану белгілерін талдау, резервтерді қалыптастыруға қатысу

Талаптар:

  • Жоғары экономикалық немесе математикалық білім.
  • Кәсіби салада немесе сабақтас бағыттарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Қазақстан Республикасының банк саласындағы заңнамасын және ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік актілерін білу.
  • Банктің ішкі құжаттарын, тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау негіздерін білу.
  • Тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық стандарттарды білу (Базель, COSO).
  • Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру.
  • ДК-ны сенімді пайдаланушы (MS Office және банктік жүйелер).
  • Талдау жүргізу, есептілік дайындау және ішкі құжаттарды әзірлеу дағдыларының болуы.

Міндеттері:

  1. Банкте тәуекел мәдениетін дамыту: бөлімшелер қызметін үйлестіру, оқыту материалдарын әзірлеу, әдістемелік қолдау көрсету.
  2. Операциялық тәуекелдерді басқару: процестерді үйлестіру, әдістемелік қолдау, нормативтік базаны әзірлеу және жетілдіру, автоматтандыруға және есептілік дайындауға қатысу.
  3. Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру: ішкі құжаттарға сараптама жүргізу, бөлімшелерді үйлестіру, әдістемелік материалдар мен есептілікті әзірлеу.
  4. Бөлімшенің құзыреті шеңберіндегі міндеттерді орындау: есептілік және талдамалық материалдар дайындау, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, келіссөздерге қатысу, қызметтің заңнама мен ішкі актілерге сәйкестігін бағалау, тәуекелдерді басқару процестеріне қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары білім.
  • Кәсіби салада немесе сабақтас бағыттарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • ISO 27001 стандарты, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары мен үздік тәжірибелері бойынша білім.
  • Ақпараттық технологиялар, желілік және жүйелік әкімшілендіру саласында базалық білім.
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мен желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру дағдыларының болуы.
  • Қорғау жүйелерімен (IDS/IPS, DLP, SIEM және т.б.) жұмыс істеу және ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін талдау дағдыларының болуы.

Міндеттері:

  1. Ақпараттық қауіпсіздік өнімдерін әкімшілендіру, соның ішінде қорғау жүйелерінің (DLP, SIEM, IDS/IPS, EDR, WAF, NAC, NTA, поштаны қорғау құралдары және т.б.) дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету: баптау, конфигурациялау, сүйемелдеу, техникалық қолдау көрсету, өзектілігі мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылау.
  2. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тұрақты мониторингтеу: қауіптерді, аномалиялық белсенділікті және рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін анықтау; бастапқы талдау, жіктеу, құжаттау және инциденттерді регламенттерге сәйкес әрі қарай қарауға жіберу.
  3. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық бақылау құралдарын енгізу, қауіпсіздік саясаттарын қолдану және енгізілген шаралардың дұрыстығын тестілеу; ИҚ талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерінің өзектілігін сақтау.
  4. Банк қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес беру: талаптар мен регламенттерді түсіндіру, жүйелерді қауіпсіз пайдалану және қорғау құралдарының жұмысына қатысты техникалық қолдау көрсету.
  5. Корпоративтік және кәсіби талаптарды сақтау: іскерлік әдеп нормалары, ішкі регламенттер мен рәсімдер, сондай-ақ құпиялылық пен ақпаратты қорғау талаптарын қатаң сақтау.

Талаптар

  • Жоғары білім: қаржы / экономика / математика / техникалық (магистратура немесе екінші жоғары білім болғаны жөн)
  • Жұмыс тәжірибесі: бейіні бойынша кемінде 2 жыл
  • Халықаралық сертификаттардың болуы (ACCA, CFA, CPA) — артықшылық болып табылады
  • Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу процестерін түсіну
  • Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыруға қатысу тәжірибесі
  • MS Office (әсіресе Excel), ЭҚЖ және банктік жүйелерді (Colvir және т.б.) сенімді меңгеру
  • Нәтижеге бағдарлану, жауапкершілік, жүйелі ойлау

Міндеттері

  • Банктің стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында даму жоспарын әзірлеу, келісу және өзектендіру
  • Даму жоспарының орындалуын мониторингтеу, ауытқуларды анықтау және түзету шараларын әзірлеу
  • Банктің басшылығына арналған аналитикалық материалдар, қорытындылар мен ұсыныстар дайындау (мемлекеттік органдардан, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тан және ішкі сұраныстар бойынша)
  • Банктің қызмет нәтижелері бойынша басқарушылық есептілік пен аналитиканы белгіленген мерзімдерде қалыптастыру және ұсыну
  • Департамент қызметін талдауға, бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыруға, ішкі регламенттерді әзірлеуге қатысу
  • Акционер талаптарына сәйкес әкімшілік шығыстар бойынша нормаларды (лимиттерді) әзірлеу және бақылау
  • Ішкі есептілікті және бюджеттеу процестерін автоматтандыру бойынша ұсыныстар дайындау
  • Департамент міндеттері шеңберінде басшылық тапсырмаларын орындау

Міндеттері:

  1. Банктің ішкі және халықаралық кездесулері мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу, оның ішінде Басшылықтың қатысуымен өтетін кездесулерге арналған анықтамалық және аналитикалық материалдарды дайындау.
  2. Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылға қатысу, оның ішінде сұратылған деректерді жинау, өңдеу және талдау.
  3. Банктің серіктестерімен халықаралық екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдарды жасасу процесіне қатысу, оның ішінде мәтін жобаларын дайындау, келісу, шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ құжаттарға қол қою процесін ұйымдастыруға жәрдемдесу.
  4. Халықаралық ұйымдардың (ADFIAP, ЕАЭО) мүшелерімен өзара іс-қимылға қатысу, оның ішінде жыл сайынғы кездесулерді дайындау және ұйымдастыру, хаттамалар мен негізгі тезистерді келісу, сондай-ақ іс-шараларға қатысу.
  5. Халықаралық қызмет шеңберінде есептер дайындау, оның ішінде кездесулер, сапарлар және іс-шаралар қорытындысы бойынша аналитикалық есептер әзірлеу, сондай-ақ халықаралық келісімдер бойынша деректер базасын жүргізу.
  6. Банк Басшылығына арналған презентациялық материалдарды дайындау.

Талаптар:

  1. Экономика, қаржы, халықаралық қатынастар немесе сабақтас салалар бойынша жоғары білім.
  2. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі — B2 және одан жоғары.

Талаптар

  • Жоғары білім: журналистика / маркетинг / PR / қаржы
  • Жұмыс тәжірибесі: бейіні бойынша кемінде 5 жыл
  • Салалық тәжірибе (мемлекеттік секторда немесе Банк тобы компанияларында болғаны жөн): кемінде 3 жыл
  • Басқарушылық тәжірибе: кемінде 2 жыл
  • ҚР заңнамасын білу (БАҚ, жарнама, онлайн-платформалар)
  • PR, медиа және digital-коммуникациялар, SMM салаларын түсіну
  • Ақпаратты талдау, материалдар дайындау және дағдарыстық коммуникациялар дағдылары
  • Стратегиялық жоспарлау, процестер мен іс-шараларды ұйымдастыру дағдылары
  • Команданы басқару және міндеттер қою тәжірибесі
  • MS Office, ЭҚЖ, медиа/графикалық құралдарды еркін меңгеру
  • Ішкі құжаттарды әзірлеу тәжірибесі
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеру

Міндеттері

  • Банктің коммуникациялық стратегиясын қалыптастыру және іске асыру, негізгі аудиториялар арасында оң имидж қалыптастыру
  • Қызмет жұмысын басқару, ішкі бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен, клиенттермен және өзге де стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды үйлестіру
  • БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге коммуникация арналары үшін баспасөз хабарламаларын, пікірлерді, ақпараттық және аналитикалық материалдарды дайындау
  • PR-іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер және басқа да жария іс-шаралар
  • Банктің қызметін сайтта және әлеуметтік желілерде жедел жариялауды қамтамасыз ету
  • БАҚ-ты жүйелі мониторингтеу, репутациялық тәуекелдерді анықтау және бағалау, дағдарыстық коммуникацияларды жүзеге асыру
  • БАҚ сұраныстарына жауаптарды дайындау және келісу, ұсынылатын ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету
  • Қызмет бюджетiн қалыптастыру және орындалуын бақылау, сатып алу процестерi мен шарттардың орындалуын бақылау
  • Ақпаратты ашу және коммуникациялық қызмет бойынша есептілікті дайындау (соның ішінде Директорлар кеңесі үшін)
  • Қызмет бағыты бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу
  • KPI қою, команданы басқару, қызметкерлерді дамыту және тиімді жұмыс ортасын қалыптастыру

Міндеттері

  • Инвестициялық және лизингтік жобаларға экологиялық сараптама жүргізу.
  • Экологиялық және климаттық тәуекелдерді анықтау және бағалау, ұсынымдар әзірлеу.
  • Жобаларды экологиялық сүйемелдеу және мониторингтеу, оның ішінде көшпелі тексерулер жүргізу.
  • Банктің экологиялық және ESG саясатын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу.
  • Экология және тұрақты даму саласындағы сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасау.
  • Қаржыландырылатын жобалар бойынша шығарындыларды, ресурстарды пайдалануын, қалдықтарды және парниктік газдарды талдау.
  • Банктің басшылығы мен қызметкерлеріне арналған аналитикалық материалдарды дайындау және консультация беру.
  • Ішкі әдістемелерді, регламенттерді және оқыту материалдарын әзірлеуге қатысу.

Талаптар

  • Экология саласындағы жоғары білім (қалаулы: екінші экономикалық немесе техникалық білімнің болуы; магистр/кандидат/доктор дәрежелері артықшылық болып табылады).
  • Кәсіби салада немесе сабақтас бағыттарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Қалаулы: жобаларды басқару, ISO 14001, парниктік газдарды есептеу және бағалау (Scope 1, 2, 3), ESG стандарттары (TCFD, GRI), климаттық тәуекелдерді басқару, IFRS S1/S2, ҚР Экологиялық кодексі бойынша сертификаттар мен оқыту курстары.
  • Жеке қасиеттері: жауапкершілік, ұқыптылық, аналитикалық ойлау, коммуникабельділік, этика мен адалдық қағидаттарын сақтау.

Талаптар

  • Экономика немесе қаржы саласы бойынша жоғары білім; магистр дәрежесінің немесе екінші жоғары білімнің болуы құпталады.
  • Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде банк қызметі саласындағы заңнаманы білу («Банктер және банк қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы», «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңдар және т.б.).
  • Департамент қызметінің бағыттары шеңберінде Банктің ішкі нормативтік құжаттарын білу.

Міндеттері

  • Қаржыландыру, қарыздарды өтеу және қайта құрылымдау мәселелері бойынша Банктің құрылымдық бөлімшелерімен, қаржы институттарымен (соның ішінде екінші деңгейлі банктермен) және Банктің еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру іс-шараларына қатысу.
  • Басқарманың құзыреті шеңберіндегі мәселелерді Банктің уәкілетті органдарының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және мемлекеттік органдардың қарауына шығару үшін материалдар дайындау.
  • Банк басшылығына ақпарат, талдамалық қорытындылар мен ұсыныстар дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және басқа ұйымдардың сұрауларына жауаптар әзірлеу.
  • Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерге қатысу.
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кейінгі басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында талдамалық және презентациялық материалдарды қалыптастыру.
  • Басқарманың қызметіне қатысты есептілікті дайындау, соның ішінде Банкте бекітілген есептілік нысандарына сәйкес, сондай-ақ басшылықтың және сыртқы контрагенттердің сұрауы бойынша.
  • Басқарма қызметі шеңберінде тәуекелдерді анықтау және талдау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша қажетті шараларды қабылдау.
  • Басқарма бастығы мен департамент директорының тапсырмаларын департамент міндеттері шеңберінде орындау.

Негізгі міндеттері:

  • Инвестициялық және экспорттық жобалар бойынша несие талдауын барлық кезеңдерде жүргізу (бизнес-ұсыныстан банк сараптамасына дейін).
  • Мәмілелерді құрылымдау және Банктің уәкілетті органдарына ұсыныстар дайындау.
  • Қарыз алушылардың қаржылық мониторингін жүргізу, тәуекелдер мен жоспардан ауытқуларды анықтау.
  • Қаржыландыру шарттарын өзгерту бойынша сұрауларды талдау және қорытындылар дайындау.
  • Активтердің құнсыздануын, болжаулы валюталық позицияны және басқа көрсеткіштерді есептеуге қатысу.
  • Ішкі нормативтік актілерді, әдістемелерді және несие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.

Талаптар:
  • Экономика және қаржы саласында жоғары білім (MBA / халықаралық сертификаттар: CFA, ACCA және т.б. артықшылық береді).
  • Несие талдауында, қаржы немесе инвестиция саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • ХҚЕС, салық салу, шаруашылық қызметті талдау, ҚР банк заңнамасын білу.
  • Қаржылық модельдеу, есептілікті талдау және ұсыныстар дайындау дағдылары.
  • Excel, PowerPoint және ЭҚЖ жүйелерімен еркін жұмыс істей білу.
  • Ағылшын тілін білу – артықшылық.

Тағылымдама

Жыл бойы Банк жас мамандарды тағылымдауға қабылдауды жүргізеді.

Тағылымдамадан кім өте алады?

  • Жоғары білімі туралы дипломы бар жас мамандар;
  • Бейінді салаларда жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар.

Тағылымдама шарттары:

  1. Тағылымдамадан өту мерзімі 6 (алты) айға дейін;
  2. Банктегі тағылымдама ақысыз негізде жүзеге асырылады;
  3. Тағылымдамадан өту орнын таңдаған кезде тағылымгерлердің мамандануы және тілектері ескеріледі.

Қалай қатысушы атануға болады?

№1 қадам: Сауалнаманы қосымшасына сәйкес толтырыңыз;

№2 қадам: Сауалнаманы vacancy@kdb.kz электронды мекенжайына жолдаңыз, хаттың тақырыбында міндетті түрде «Тағылымдама» деп көрсетіңіз.

Іріктеу қалай өткізіледі?

1-кезең: Бөлімшенің талаптары мен ерекшелігіне сәйкестік жөніндегі іріктеуді – Адам ресурстарын басқару департаменті өткізеді;

2-кезең: 1-кезеңнен өткен үміткерлер құрылымдық бөлімшенің басшысымен сұхбатқа шақырылады;

3-кезең: Сұхбаттан өткен үміткерлер қажетті құжаттарды жинап, Тағылымдамаға кіріседі.

Тағылымдама нені береді?

  • Қаржы-банктік қызметтің түрлі салаларында кәсіби құзыреттерді, білімді және дағдыларды алу мүмкіндігін;
  • Тәлімгерлер – банктік қызметтің жетекші кәсіпқойлары;
  • Банк үміткерлерінің сыртқы пулына кіру.

Егер Сіз Даму банкінде тағылымдамадан өтіп, пайдалы кәсіби дағдылар мен білімді алғыңыз келсе, өтінімді қазір беріңіз!


chat-bgov

Кеңес ал!