Банкаралық кредиттеу (бұдан әрі – БАК) – бұл ҚДБ-ның түпкілікті қарыз алушыларды екінші деңгейдегі банктер арқылы шарттасқан қаржыландыруы.
Банкаралық кредиттеудің (бұдан әрі – БАК) мақсаты ҚДБ-ның жеке кәсіпкерліктің экономиканың басым салаларындағы жобаларын қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібінде жаңа кәсіпорындар құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, айналым капиталын толықтыру болып табылады.
2014 жылдың желтоқсанынан бастап ҚДБ 2014-2016 жылдары ҚР Үкіметі бекіткен кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын коммерциялық банктер арқылы қаржыландыруды жүзеге асырады:
Банкаралық қаржыландыру шарттарына сәйкес серіктес банктерге бөлінетін қаражатты қаржы құралдарына және/немесе олармен жасалатын операцияларға, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу үшін валюта нарығына инвестициялауға тыйым салынады. ҚДБ кредиттік ресурстарды игеру барысына және олардың мақсатты пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.
Үкіметтің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы №1276 қаулысымен (1 транш) және 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 қаулысымен (2 транш) бекітілген түпкілікті қарыз алушылар үшін кредит беру шарттары мынадай:
| Мақсатты топ | өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері |
| Номиналды сыйақы мөлшерлемесі | жылына 12,6 %-дан аспайды, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын ЕДБ қаражатымен микширлеу есебінен белгіленеді |
| Кредит беру мерзімі | 10 жылға дейін |
| Қарыз валютасы | теңге |
| Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең | 24 ай артық емес |
| Бір қарыз алушыға арналған қаржыландыру лимиті | 7 млрд теңгеге дейін (тамақ өнеркәсібі бойынша лимит жоқ жобаларды қоспағанда) |
Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен бекітілген 12 серіктес банктердің тізімі:
Кеңес ал!