• kz

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, Даму Банкі немесе ҚДБ):

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №531 «Қазақстан Даму Банкі туралы» Жарлығымен

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы №659 «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қаулысына сәйкес құрылған.

Банктің миссиясы

Экономиканың шикізаттық емес секторын тұрақты дамыту және экономиканың өсуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру есебінен ұлттық әл-ауқатты жақсарту.

Банктің пайымдауы

Елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін өз қызметінің барлық салаларында озық саясаты бар ұлттық қаржы даму институты.

Cтратегиялық бағыттары
  • Банктің ҚР экономикасына салымын ұлғайту
  • Банк активтерін тиімді басқару
  • Тұрақты даму

Стратегиялық мақсаттар

  • Импортты алмастыруды және экспорттық әлеуетті қоса алғанда, жоғары әлеуметтік-экономикалық әсері бар өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру

  • Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу

  • Ел экономикасын дамытуда жеке сектордың рөлін арттыруға жәрдемдесу

  • Банк қоржындарының сапасын қамтамасыз ету

  • Жобаларды қаржыландыру үшін ресурстық базаны кеңейту

  • Банктің қызметіне ESG қағидаттарын енгізу

Банктің қағидаттары

Даму Банкі өз қызметінде өз миссиясын негізге ала отырып, мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

  • Жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру

  • Клиентке бағдарлану, қызметтің ашықтығына және заңдылығын қамтамасыз етуге ұмтылу.

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының міндеттерімен келісімділік

  • Қызмет шығыны

ҚСНК атауы Өлшем бірлігі 2024
1. Есепті кезеңдегі игеру көлемі млрд теңге 1 465,7
2. Есепті кезеңде Банктің қолдауына ие болған кәсіпорындар түсімінің көлемі млрд теңге 4 164,9
3. Есепті кезеңде Банктің қолдауына ие болған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі млрд теңге 2 096,4
4. АӨК саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі млрд теңге 49
5. Жалпы активтерден кредиттік және лизингтік портфельдердің үлесі % 67,8%
6. Кредиттік портфельдегі провизиялар деңгейі % 7,64%
7. ESG рейтингі рейтинг ESG рейтингі «64» жалпы ұпаймен «2» деңгейінде
8. Цифрландыру жағдайындағы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалу дәрежесі % 100


Капитал, активтер және таза пайда туралы ақпарат (шоғырландырылған)


Таза пайда, млрд теңге Активтер, млрд теңге Меншікті капитал,
млрд теңге
2026 жылғы алты айы, аудиттелмеген 60,8

2025 жылғы алты айы, аудиттелмеген 96,8

2025 жылы 111,4

2024 жылы 134,5





30.06.2026 ж., аудиттелмеген
8 084,4 1 269,8
31.12.2025 ж.
7 670,3 1 134,6
31.12.2024 ж.
5 648,2 962,0

Заңнамалық актілер

chat-bgov

Кеңес ал!