• kz

Банкте тәуекел мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар, бірінші және екінші қорғаныс желілерінің тәуекелдерін басқару тақырыптары бойынша персоналды жыл сайын оқыту тұрақты негізде жүргізіледі, тәуекелдерді басқару саласындағы талаптар мен саясаттарды білуге тестілеу жүргізіледі. 2022 жылы бизнес-процестер, тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын өзектендіру, сондай-ақ Бизнес-процестер жіктеуішіне енгізілмеген процестердің тәуекелдер матрицасына енгізу бөлігінде бизнес-процестер, тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын қалыптастыру әдістемесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, 2022 жылы 10 бизнес-процеске тексеру жүргізілді. Банктің әрбір бөлімшесінде екі қорғаныс желісінде операциялық тәуекелдерді анықтауды қамтамасыз ететін тәуекел-үйлестірушілер тағайындалды. 2022 жылдың 31 наурызында Даму Банкі Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес комплаенс-бақылаушының функциялары оның функциялары мен міндеттерін кеңейте отырып, жаңадан құрылған комплаенс қызметіне берілді.