• kz

Қазақстанның Даму Банкі тиісті бағалау жүргізіп, осы саладағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізе отырып, корпоративтік басқару жүйесін үнемі жетілдіруге ұмтылады. Жалғыз акционердің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен (№52/17 хаттама) Даму Банкінің Корпоративтік басқару кодексі бекітілді, ол Холдингтің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес әзірленді және Банктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін корпоративтік басқару қағидаттарын көрсетеді.

Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаттары:

  • өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаты;
  • Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
  • Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасының Банкті тиімді басқару қағидаты;
  • тұрақты даму қағидаты;
  • тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ішкі аудит қағидаты;
  • корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу қағидаты;
  • Банктің қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі қағидаттары.

2023 жылдың 3 қазанында Банк Басқармасы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқармасының 2019 жылғы 31 қазандағы шешімімен бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі»акционерлік қоғамының комитеттері туралы ережеге толықтырулар енгізді. Өзгерістерді басқару комитетінің (бұдан әрі – ӨБК) тұрақты даму саласындағы функционалы кеңейтілді. ӨБК тұрақты даму, оның ішінде Экологиялық, Әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) саласындағы ұсыныстарды мақұлдайды және ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысын қарайды.

Банкте сондай-ақ Банктің Ішкі аудит қызметі, тәуелсіз аудиторлық компаниялардың Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ХҚЕС) сәйкестігіне тұрақты тексерулері жүзеге асыратын сыртқы және ішкі бақылаудың тиімді жүйесі жасалды.  

Менеджмент шешімдерінің барынша ашықтығын және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында Банк Банктің веб-сайтында, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табатын Банк қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады.

Корпоративтік басқару­дың жоғары деңгейі кез келген компания қызметінің тиімділі­гін дәлелдейді. Сондық­тан Даму Банкі осы салада корпоративтік және халықаралық танылған тәсілдерді одан әрі жетілдіру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да (бұдан әрі – Банк) корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасын (бағалауын) 2023 жылғы 2-3 тоқсанда «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС (бұдан әрі – КПМГ) жүргізді.

Банктегі корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды КПМГ Банктегі корпоративтік басқаруды диагностикалаудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес, сондай-ақ ЭЫДҰ корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес жүргізді.

КПМГ бағалау нәтижелері бойынша Банктің корпоративтік басқару деңгейінің үздік тәжірибе талаптарына сәйкестігінің жиынтық көрсеткіші 93,1% құрады, КПМГ есебі Банктің Директорлар кеңесінің 06.10.2023 жылғы шешімімен бекітілген (№318-2023-16 хаттама).

Корпоративтік басқарудың алдыңғы диагностикасын 2021 жылы Банктің ішкі аудит қызметінің күшімен жүргізді (89,4%).


Ішкі нормативтік құжаттар

Мұрағат