• kz

2023 жылы бизнес-процестер, тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын өзектендіру, сондай-ақ бизнес-процестер тәуекелдерінің Банктің стратегиялық мақсаттарымен немесе ішкі бақылау жүйесінің мақсаттарымен байланысын көрсететін қосымша бөлімдерді тәуекел матрицасына енгізу бөлігінде бизнес-процестер, тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын қалыптастыру әдістемесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ 2023 жылы 10 бизнес-процеске тексеру жүргізілді. Банктің әрбір бөлімшесінде екі қорғаныс желісінде операциялық тәуекелдерді анықтауды қамтамасыз ететін тәуекел-үйлестірушілер тағайындалды.