• kz

Қазақстанның Даму Банкі 55,7 млрд теңгеден астам дивиденд төледі

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) 2025 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша жалғыз акционерге дивиденд төлеу рәсімі аяқталғанын хабарлайды.

Банк 2025 жылға арналған дивидендтерді толық көлемде төлеп, Жалғыз акционерге жалпы сомасы 55,7 млрд теңгеден асатын қаражат аударды. Бір жай акцияға шаққандағы төлем мөлшері 26 313,38 теңгені құрады.

Бұл нәтиже несиелік портфельдің сапасын арттыру, активтерді әртараптандыру және жұмыс істемейтін қарыздар үлесін төмендету бағытындағы жүйелі жұмыстың арқасында мүмкін болды. Бүгінде NPL көрсеткіші 0,49% деңгейінде. Акционер алдындағы жоспарлы міндеттемелердің орындалуы ҚДБ-ның қаржылық тұрғыдан тұрақты даму институты мәртебесін сақтап отырғанын көрсетеді.

Мұндай көлемдегі дивиденд төлемі ел экономикасына үш маңызды бағыт бойынша оң әсер етеді. Біріншіден, алынған қаражат «Бәйтерек» холдингінің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, пайданы экономиканың өзге салаларына, шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік жобаларға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл Топтың ішкі кірістілігінің өсуін қамтамасыз етіп, активтерді басқару сапасын растайды. Үшіншіден, бұл нарық пен инвесторлар үшін маңызды белгі: тұрақты көрсеткіштер мен активтердің сапалы құрылымы ҚДБ-ның халықаралық несиелік рейтингтерін қолдауға ықпал етеді. Ал бұл алдағы уақытта Қазақстанның индустриялық жобаларын қаржыландыру үшін ұзақмерзімді шетелдік капитал тарту құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

– Дивиденд төлеу – Банктің салмақты несие саясатының нәтижесі. Біз шикізаттық емес сектордағы келешегі бар әрі экономикалық тұрғыдан негізделген жобаларды қаржыландыруға басымдық береміз. Қазіргі көрсеткіштер тәуекелдердің қатаң бақылауда екенін, ал Банктің өз міндетін тиімді атқарып отырғанын көрсетеді. ҚДБ Қазақстан экономикасын жаңғыртуға үлес қосып, елдің ірі өнеркәсібі мен инфрақұрылымын ұзақмерзімді қаржыландырудың тұрақты көзі болып қала береді, – деп атап өтті «ҚДБ» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!