«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ алаңында («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) EXPO халықаралық көрме орталығында өткен қазақстандық өндірушілердің IX «ULLTYQ ONIM 2026» көрмесіне қатысты. Іс-шара бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдар мен халықаралық қаржы институттарын біріктірді.
«Даму» қорының панельдік сессиясында ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев ЕҚДБ, IFC және AFD сарапшыларымен ірі индустриялық жобаларды қаржыландыруды кеңейту тетіктерін талқылады.
ҚДБ басшысы ірі жобалар шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ететін экожүйе қалыптастыратынын атап өтті. Мысал ретінде ҚДБ қолдау көрсеткен Қазақстан электролиз зауыты айтылды. Кәсіпорын өнімі алюминий құты, кабель өнімдері мен құрылыс конструкцияларын шығаратын өндірістер үшін маңызды шикізат базасына айналды.
Сессияның негізгі тақырыптарының бірі ҚДБ мен «Даму» қоры іске асырып жатқан «Кепілдік қоры 2» тетігін дамыту болды. Бұл құрал жоба құнының 30%-ына дейін, 20 жылға дейінгі мерзімге кепілдік беруді көздейді және капиталды көп қажет ететін жаңа өндірістік жобаларды қолдауға бағытталған. 2027 жылға қарай кепілдік портфелін 1 трлн теңге көлемінде қалыптастыру жоспарланып отыр.
ҚДБ мен «Даму» қорының бірлескен жобалары қатарында жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін Qazaq Global Food зауыты, Qazclinker клинкер өндірісі, «Прима-Кус» құс фабрикасын кеңейту және Kazak Protein астықты терең өңдеу жобасы бар. Бұл бастамаларды іске асыру 2 600-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ҚДБ Банк қаржыландырған жобалардың Қазақстан өнеркәсібі мен өңірлерінің дамуына ықпалын көрсететін жаңартылған имидждік бейнероликті таныстырды.