• kz

Қазақстанның Даму Банкінде S&P Global вице-президенттерімен кездесу өтті

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ алаңында («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен ҚДБ басшылығының халықаралық S&P Global корпорациясының өкілдерімен кездесуі өтті.

S&P Global вице-президенттері Мэттью Сейгерс пен Малик Джалло Астанаға энергетика, шикізат және тауар нарықтарындағы жаһандық өзгерістерге арналған Astana Market Briefing халықаралық конференциясы аясында келді.

Кездесу барысында S&P Global өкілдері Холдинг пен Банк басшылығы үшін жабық форматта жеке брифинг өткізіп, инвесторлар, халықаралық қаржы институттары, энергетикалық компаниялар және шикізат нарығына қатысушылар бас қосқан халықаралық алаңда айтылған негізгі қорытындыларды, сараптамалық бағалар мен салалық пайымдарды ұсынды.

Холдинг пен еншілес ұйымдар тарапынан кездесуге «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев, сондай-ақ «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы Дидар Қарымсақов қатысты.

Кездесу аясында тараптар әлемдік энергетика және шикізат нарықтарының қазіргі даму үрдістерін, Еуразия мен Орталық Азия нарықтары құрылымының өзгеруін, экспорттық инфрақұрылым мен логистикалық бағыттардың дамуын, геосаяси факторлардың өңірлік нарықтарға ықпалын, сондай-ақ жаһандық экономикалық ахуал өзгерген жағдайда Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін талқылады.

Инвестициялық тартымдылық, салалық тәуекелдер және экономиканың негізгі секторларын дамыту перспективалары да жеке қаралды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!