• kz

Юаньмен жасалған үздік мәміле: ҚДБ IFR Asia-ның беделді сыйлығына ие болды

Халықаралық IFR Asia басылымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) қытай юанімен номиналданған еурооблигациялар шығарғаны үшін «Renminbi Bond of the Year 2025» аталымы бойынша сыйлық табыстады.

2025 жылғы қыркүйекте ҚДБ айналым мерзімі 3 жыл болатын, көлемі 2 млрд юаньдық облигациялар шығарды. Бұл мәміле Орталық Азия эмитенттері үшін офшорлық юань (Dim Sum) нарығындағы алғашқы қадам болды. Сонымен қатар ол Азия-Тынық мұхиты өңірінен тыс жердегі BBB рейтингі бар қарыз алушылар арасында осы валютада жасалған ең ірі орналастыру ретінде тіркелді. Инвесторлар сұранысының жоғары болуы Банкке кірістілік мөлшерлемесін алдын ала белгіленген шектегі ең тиімді деңгейде бекітуге жол ашты.

Бұл мәміленің табысты жүзеге асуы жаһандық нарықтар құбылмалы болып тұрған кезеңнің өзінде халықаралық қауымдастықтың ҚДБ-ның қаржылық тұрақтылығына және тұтастай алғанда Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына сенім білдіретінін көрсетті.

Банк қорландыру көздерін әртараптандыру стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Оның ішінде жаңа валюталар мен жаңа нарықтарға шығу бағыты бар. Біз юань нарығын басым бағыттардың бірі ретінде қарастырамыз және осы валютадағы қатысу ауқымын кезең-кезеңімен кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл, ең алдымен, юаньмен тартылатын қарыз қаражатының мерзімін ұзарту және осы валюта бойынша қаржы құралдарының жүйелі негізін қалыптастыру арқылы жүзеге асады, – деді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Юаньды пайдалану Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының ұлғаюы тұрғысынан алғанда әбден орынды. Бұл Банктің валютаны кездейсоқ емес, нақты экономикалық мақсатқа сай таңдағанын аңғартады. Осылайша, ҚДБ Dim Sum нарығында қазақстандық және орталықазиялық өзге де эмитенттерге жол ашты.

IFR Asia сыйлығының берілуі Банктің халықаралық борыш нарығының жаңа сегментіне шығуының маңызын айқындап, мәміленің жоғары деңгейде әзірленіп, табысты іске асқанын растады. Бұл орналастыру инвесторлар базасын кеңейтуге және ҚДБ-ның жаһандық капитал нарықтарындағы белсенді ойыншы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етті.

IFR Asia сыйлығы біздің офшорлық юань нарығына сәтті шыққанымызды және инвесторлардың жоғары қызығушылығын дәлелдейді. Алдағы уақытта біз өзімізді тек қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен қатар қазақстандық компаниялардың халықаралық капитал нарықтарына, оның ішінде юань нарығына шығуына қолдау көрсететін даму институты ретінде де таныта түсеміз, – деді ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева сыйлық табыстау рәсімінде Гонконгте сөйлеген сөзінде.

IFR Asia – капитал нарықтары саласындағы беделді халықаралық басылымдардың бірі. Ол жыл сайын қаржы нарығындағы ең маңызды мәмілелер мен айтулы жетістіктерді атап өтеді. IFR Asia сыйлығы Азия қаржы әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі саналады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!