• kz

ЭКСЖ ұлттық жобасы: ҚДБ Жетісу облысындағы электр желілерін жаңғыртуға қаржы бөлді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) мен «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ТАТЭК» АҚ) Жетісу облысындағы электр желілерін жаңғыртуға 9,16 млрд теңге көлемінде кредит желісін ашу туралы келісім жасасты.

Қаражат «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыруға бағытталады.

Қаржыландыру шеңберінде Жетісу облысының елді мекендеріндегі электр желісі инфрақұрылымы жаңартылып, қайта жаңғыртылады. Атап айтқанда, Талдықорған, Үштөбе, Сарқан қалалары мен Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ және Ақсу аудандарындағы нысандар қамтылады.

Жоба аясында әртүрлі кернеудегі 465 шақырымнан астам электр беру желісі жаңартылып, кабель желілері ретке келтіріледі. Сондай-ақ екі маңызды қосалқы станса қайта жаңғыртылады.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту – өңірлердің орнықты экономикалық өсімінің берік негізі. Осындай жобаларды қолдау электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып қана қоймай, инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті өркендетуге жол ашады, – деді «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Жобаны іске асыру нәтижесінде электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігі артып, технологиялық шығын көлемі азаяды. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, сондай-ақ бизнес пен әлеуметтік нысандарды тұрақты энергиямен қамтуға мүмкіндік жасайды.

Құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысандарды толық пайдалануға беру 2027 жылғы қаңтарға жоспарланған.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!