• kz

ҚДБ Орталық Азиядағы көміртексіздендіру және жаңартылатын энергия жөніндегі POWERTECH 2025 конференциясына қатысты

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) өкілдері Орталық Азиядағы көміртексіздендіру және жаңартылатын энергия жөніндегі POWERTECH-2025 конференциясына қатысты.


WhatsApp Image 2025-04-02 at 16.20.59 (1).jpeg


ҚДБ басқарушы директоры Дина Жанәділ «Жасыл қаржыландыру және қорлар. Тұрақты қаржыландыру және көміртексіздендіру жобаларына халықаралық инвестицияларды тарту мүмкіндіктері» тақырыбында панельдік сессияда сөз сөйлеп, Банктің тұрақты даму саласындағы негізгі жетістіктері мен климаттық қаржыландыруды тарту бастамаларын ұсынды.


WhatsApp Image 2025-04-02 at 16.20.59.jpeg


«Аралас қаржыландыру ұлттық экономиканы көміртексіздендіруді ынталандыруда, соның ішінде тұрақты дамуға бағытталған жеке инвестицияларды жұмылдыруда шешуші рөл атқарады. ҚДБ негізгі қаржы операторы ретінде ұлттық тұрақты жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңілдетілген климаттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастыруда», - деп атап өтті Дина Жанәділ.

Сонымен қатар, Дина Жанәділ ESG қағидаттарын қарыз алушылардың қызметіне енгізудің және көміртексіздендіру бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!