• kz

ҚДБ Алматы облысында құс фабрикасының екінші кезегінің құрылысын қаржыландырады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) және «Прима Құс» ЖШС (бұдан әрі – Қоғам) Алматы облысында бройлер етін өндіру және қайта өңдеу бойынша заманауи құс фабрикасының екінші кезегін салу жөніндегі жобаны қаржыландыру үшін кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды.

 

Главное фото.JPG


Бұл стратегиялық маңызды жоба Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және жоғары сапалы жергілікті өндірістің өнімімен қамтамасыз етуге бағытталған. Фабрика 2025 жылы іске қосылғаннан кейін өнім шығару көлемін арттыру және жылына 26,5 тонна құс етін өндіру жоспарланып отыр, бұл шамамен 700 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 

Жобаның жалпы құны 10,9 млрд теңгені құрайды, оның ішінде ҚДБ тарапынан мерзімі 9 жылға дейін берілетін несие сомасы 8,4 млрд теңге, Қоғамның жеке қатысуы – 2,5 млрд теңге. ҚДБ қаражаты Банктің биылғы жылдың шілде айында жарияланған агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК), азық-түлік және сусын өндірісі секторында инвестициялық жобаларды қолдаудың 2024-2029 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы аясында бөлінеді.


председатель правления БРК М.Елибаев.JPG

 

«Бағдарламаны іске асыру елдің АӨК және азық-түлік өнеркәсібіндегі өндірістік қуаттарды кеңейтуге, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар өнім шығару көлемін ұлғайтуға ықпал етеді, бұл отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

 

Бұл құс фабрикасы ҚДБ-ның Қазақстан құс фабрикаларының қуатын арттыру бойынша жобалар пулына кіреді, олар келешекте жылына 200 мың тонна құс етін қосымша өндіруге мүмкіндік береді. Бұл көлем қазіргі уақытта өндірілетін 328 мың тоннамен бірге елдің құс етіне деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етіп, өнімнің бір бөлігін экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.


гендиректор ТОО «Прима кус» А. Залевский.JPG

 

«Бізге бизнесіміздің ерекшелігін түсінетін және оны дамыту үшін ең қолайлы жағдай ұсына алатын сенімді серіктес табу маңызды болды. ҚДБ осы талаптарға толық сәйкес келеді және біз қойған мақсаттарға жетуге көмектесетін осы ынтымақтастыққа қуаныштымыз», - деді «Прима Құс» ЖШС бас директоры Алексей Залевский.

 

ҚДБ қаржысы құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға бағытталады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!