• kz

ҚДБ «Бір белдеу, бір жол» жасыл инвестициялар қағидаттары» GIP бастамасына қосылды

18-19 наурызда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) өкілдері Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ҚДБ әлемнің 17 елінен 48 жаһандық институтты біріктіретін Орталық Азиядағы Green Investment Principles for Belt and Road (бұдан әрі – GIP) қол қоюшыларының қатарына ресми түрде қосылды. Сондай-ақ ҚДБ өкілдері Қытайдағы қаржы институттары мен компаниялары серіктестерімен кездесті.

GIP_вручение.jpeg

«Банк Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымындағы жобаларды қаржыландыру үшін жаңа инвестициялар тарту мақсатында халықаралық әріптестікті кеңейтуді жалғастыруда. Банктің Қытай институттарымен ынтымақтастығы табысты тәжірибеге ие және біздің еліміздің экономикасына металлургия, мұнай өңдеу және басқа да салалардағы жаңа жобалар түрінде пайда әкелді. Green Investment Principles ұйымына қосылу «жасыл» жобаларды қаржыландыруға жәрдемдеседі, бұл бүгінгі таңда ел үшін маңызды басымдықтардың бірі», - деп бөлісті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Green Investment Principles тең төрағасы Ма Джун ҚДБ-ға «жасыл» инвестициялар қағидаттарына қызығушылық танытқаны және қосылғаны үшін алғыс білдіріп, GIP-ке мүшелік «жасыл» жобаларды іске асыру капиталына, тренингтер мен семинарларды қоса алғанда, адам әлеуетін дамыту жөніндегі іс-шараларға, сондай-ақ GIP қағидаттарын іске асыру құралдары мен кейстеріне қолжетімділікті ашатынын атап өтті.

Встреча с CBD.jpeg

ҚДБ өкілдерінің Қытай Мемлекеттік Даму Банкімен, Bank of Сhina, Export-Import Bank of China (Exim Bank), China Export & Credit Insurance Corporation (Sinosure), сондай-ақ China Power International Holding Ltd жел энергетикасы саласындағы озық компаниясымен кездесулер өткізілді, олардың аясында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымындағы жобаларды қолдау бойынша ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, ҚДБ EximBank және Sinosure қатысатын жобаларды да қаржыландырды.

Встреча с Sinosure.jpeg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79