• kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚДБ қолдаған жобаларға барды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған жобаларды аралап, олардың ағымдағы мәртебесімен танысты. Олардың қатарында Allur автомобиль зауыты және «Агромашхолдинг KZ» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кәсіпорны бар.


img-3066.jpeg


Үкімет басшысына Allur кәсіпорнында Chevrolet Onix автокөлік үлгілерін өндіру желісінің техникалық іске қосылуы ұсынылды, сондай-ақ «АгромашхолдингKZ» АҚ оқшауланған орталығының жұмысы таныстырылды.


7.jpg


Allur компаниялар тобы 2023 жылы Қазақстанның автокөлік өнеркәсібінде жетекші орынға ие болғанын атап өту қажет. Кәсіпорын автокөлік құралдарының толық спектрін өндіруге маманданған және 2023 жылы 70 мыңнан астам автомобиль шығарды – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Бренд қоржынына JAC, Chevrolet, Kia, LADA және Jetour кіреді. Allur 3,5 мың жұмыс орнын құра отырып, индустрия 4.0 технологиясын сәтті енгізді. Allur компаниялар тобының еліміздің бюджетіне 2023 жылғы төлемдері 29,9 млрд теңгеден асты.


e56a01b5-9641-4242-9945-da7bb621abcc.jpg


«АгромашхолдингKZ» АҚ ESSIL, LOVOL, КИРОВЕЦ, DEUTZ-FAHR маркалы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге маманданған, сондай-ақ түрлі қосымша өнімдерді ұсынатын Қазақстандағы жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорында 600-ден астам жұмыс орны құрылды, ал 2023 жылы шамамен 5 млрд теңге көлеміндегі жалпы салық төлемдері оның экономикаға қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.

Кәсіпорындарды аралаған делегация құрамында «Бәйтерек» Холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров та болды.

«Қостанай облысы еліміздің машина жасау саласының көшбасшысы болып табылады. Біз жұмыс істеп тұрған өндірістер жұмысының нәтижелері мен осы өңірдегі жаңа жобалардың орасан зор әлеуетін көріп отырмыз және өңдеу өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін бастамаларды қолдауды жалғастырамыз», - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.


Агромаш.jpeg


Жоғарыда аталған жобалар Қазақстанның Даму Банкінің еншілес компаниясы – Өнеркәсіпті дамыту қорынан да қолдау алатынын атап өту маңызды.

Бұл өңірде Қазақстанның Даму Банкінің қоржынында «Баян Сұлу» АҚ және «Промбаза» ЖШС отандық өнімдерінің экспорттаушылары, сондай-ақ энергетика саласындағы инвестициялық жоба – «Жел электрик» жел станциясы ұсынылған.

Қазақстанның Даму Банкі қолдаған жобалар туралы толық ақпаратпен біздің ресми сайттың «Қаржыландыруға мақұлданған жобалар» бөліміне өту арқылы танысуға болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79