«ҚДБ өзінің «жасыл» облигацияларының дебюттік шығарылымы туралы хабарлауға қуанышты. Инфрақұрылымды дамытуға инвестицияларды ұлғайту қажеттілігін ескере отырып, тартылған қаражат энергетика саласындағы «жасыл» жобаларды қаржыландыруға жұмсалады», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.
«Жасыл» облигациялар – бұл нысаналы мақсаты қоршаған ортаға антропогендік әсердің төмендеуіне оң әсер ететін және ESG қағидаттарына сәйкес келетін «жасыл» жобаларды қаржыландыру болып табылатын корпоративтік облигациялар екендігін атап өтеміз.
ESG принциптері компаниялардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын, жоғары әлеуметтік жауапкершілікті алға тартатын және корпоративтік басқарудың жоғары сапасын қалыптастыратын бизнесті жүргізуін білдіреді.
Облигациялардың бірінші шығарылымы аясында Банк «Жасыл» облигациялар саласындағы саясатты мақұлдады және АХҚО Жасыл қаржы орталығынан (AIFC Green Finance Centre) оң пікір алды (Second Party Opinion).
Қаржы кеңесшілері мен андеррайтерлер – «BCC Invest» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ.