2023 жылы қайырымдылық көмек көрсету аясында жалпы сомасы 24 330 244 теңгеге есеп жабылды. Банктің қайырымдылық бағдарламасы қоғамдық қорларға және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға қаражат жіберу арқылы жастардың дамуына, сондай-ақ жастар арасында спортты танымал етуге жәрдемдесуге бағытталған. Сондай-ақ, Банк ем мен оңалтуға мұқтаж балалар мен ересектерге көмек көрсету және оларды қолдау мақсатында медициналық және оңалту орталықтарына жабдықтар сатып алуға қаражат бөледі. ҚДБ топ-менеджменті мен Банктің белсенді командасының қолдауымен Банкте ерікті корпоративтік волонтерлік тәжірибе тұрақты негізде жұмыс істейді.