• kz

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап ISO 20022 халықаралық стандартына көшу және ISO 20022 әдіснамасына негізделген төлем құжаттары нысандарының өзгеруі туралы хабарлайды. Төлем тапсырмаларын қалыптастыру кезінде қосымша өрістерді қосу бөлігінде енгізу нысанын өзгерту енгізілетін болады:

  • «Нақты төлеуші», мұнда үшінші тұлғаның пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде оның банктік шотын пайдаланбай, төлем жүзеге асырылатын үшінші тұлғаның аты-жөні/атауы (жеке сот орындаушысының борышкер үшін төлемдері, сенімхат бойынша төлемдері, заңды тұлғаның өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін төлемдері) көрсетіледі;
  • «Нақты төлеушінің ЖСН/БСН», мұнда үшінші тұлғаның пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде оның банктік шотын пайдаланбай төлем жүзеге асырылатын нақты төлеушінің ЖСН/БСН көрсетіледі;
  • «Нақты (түпкілікті) бенефициар», осы өрісте нақты (түпкілікті) бенефициар заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі немесе міндеттемелері бойынша бұрын қайтару жүзеге асырылған жеке тұлға болған жағдайда, салықтарды, артық төленген соманы бюджет кірісіне қайтарған кезде, оның банктік шотын пайдаланбай үшінші тұлғаның пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде нақты бенефициардың ТАӘ/атауы көрсетіледі;
  • «Нақты бенефициардың ЖСН/БСН», бұл өрісте салықтарды, артық төленген соманы бюджет кірісіне қайтару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын оның банктік шотын пайдаланусыз жүзеге асыру кезінде нақты бенефициардың ЖСН/БСН көрсетіледі."ü Резидент елдің коды - егер алушы немесе төлеуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, олар тұратын елдің екі әріптен тұратын кодын көрсету қажет. Кодты елдер каталогынан таңдауыңызға болады.

Бұл ретте «Интернет-Банк» жүйесінде төлем тапсырмаларының форматтарындағы көрсетілген өзгерістер көшу сәтінен бастап (2025 жылғы 13 қаңтардан бастап) қолжетімді болатынына назар аударамыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда Банктің операциялық департаментіне operu@kdb.kz электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.


Қазақстанның Даму Банкі орта және ірі бизнесті қаржыландыру мен дамытуға маманданған – бұл отандық шикізаттық емес әлеуетті құрайтын және елді сапалы жаңа деңгейге көтеретін Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілер.

Біз инвестициялық жобаларды және экспорттық операцияларды орта және ұзақ мерзімді кредиттеу, ағымдағы қызметті кредиттеу, аралық және мезониндік қаржыландыру, синдикатталған қаржыландыру, лизингтік мәмілелерді қаржыландыру, кепілдіктер беру, капиталға қатысу және банкаралық қаржыландыру қызметтерін ұсынамыз.

Біз қайта өңдеу секторы мен инфрақұрылымдағы жобаларды, соның ішінде «нөлден» – greenfield жобаларын, сондай-ақ экспорттық операцияларды және/немесе лизингтік мәмілелерді қаржыландырамыз.

Банк жобалары келесілерді құруға және дамытуға бағытталған:

  • инфрақұрылым объектілерін (энергетика, көлік, телекоммуникация);
  • өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс (металлургия, химия, мұнай химиясы, фармацевтика, машина жасау және т.б.);
  • қызмет көрсету саласындағы объектілерді (коммерциялық негізде): туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттық-сауықтыру, қонақ үй;
  • тамақ өнімдері мен сусындар өндіру саласындағы объектілер;
  • шикізатты өндіруді және/немесе сатып алуды, тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және инвестициялық жоба аясында дайын өнімді өткізуді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өндірістерін;
  • қазақстандық өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің экспорты.
Банк келесі себептер бойынша қаржыландыруға өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:

1) Өтініш берушінің және (немесе) Жобаның «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Кредиттік саясаты туралы меморандумның ережелері мен шарттарына сәйкес еместігі анықталса;

2) көрінеу жалған ақпарат ұсынылса;

3) қаржыландыруға өтініш берген кезде үшінші тұлғалардан тартылған қарыздар немесе бюджетке төленетін төлемдер бойынша 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен, өтелмеген берешек болса;

4) Өтініш берушінің өзіне, сондай-ақ, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар Өтініш берушінің лауазымды тұлғаларына, Өтініш берушінің жарғылық капиталының (дауыс беретін акцияларының) 10% және одан да көп үлесін иеленетін ірі қатысушыларға немесе акционерлерге және Өтініш берушінің бенефициарлық иелеріне қатысты экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан «шектеуші факторлардың» болуы анықталса;

5) Өтініш беруші банкротқа ұшыраса, таратылса, оңалтылса;

6) Өтініш берушіге қатысты «ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің сыни деңгейі» орнатылған болса немесе «ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі» анықталған жағдайда іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы шешім қабылданса;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне енгізілген халықаралық көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдерді қарау жағдайларын қоспағанда, жобалық компания, оның қатысушылары/акционерлері сияқты Өтініш берушінің теріс кредиттік тарихы болса (соңғы 3 жыл ішінде 180 күннен астам мерзімге мерзімі өткен тарихи несие берешегі болса).


Банктегі берешекті реттеу

Банк алдындағы міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек туындаған кезде, жағдай борышкер (қарыз алушы) мен Банк арасындағы шартта көзделген белгілі бір шарттар мен тәртіпке сәйкес реттелуі мүмкін. Төменде қарызды реттеудің негізгі кезеңдері мен қарыз алушының төлем қабілетсіздігі болған жағдайда Банк қабылдай алатын шаралар келтірілген:

1. Қарыз алушының өтініші:

Мерзімі өткен берешек туындаған кезде қарыз алушы шарт бойынша төлемнің кешіктірілу себептері, кірістер туралы ақпарат және шарт талаптарына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы басқа да расталған мән-жайлар көрсетілген өтініш ұсына отырып, Банкке жазбаша түрде немесе шартта көзделген өзге де тәсілмен жүгінуге тиіс. Бұл өзгерістер төлемдерді кейінге қалдыруды, өтеу кестесін өзгертуді, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті кепілге берушінің дербес сатуын, тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және басқа да төлемдерді есептен шығаруды, сондай-ақ заңнама мен шарт талаптарына сәйкес келетін басқа да ұсыныстарды қамтуы мүмкін.

2. Банктің қарауы:

Банк қарыз алушының шарт талаптарына ұсынған өзгерістерін ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде қарайды. Қарыз алушының ұсыныстары қаралғаннан кейін Банк келесі шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды:

  • Банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісіу;
  • Шарт талаптарына мүмкін болатын өзгерістер туралы ұсыныс (екі тарап үшін де қолайлы);
  • Бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту.

3. Талаптарды орындамаған жағдайда Банк қабылдайтын шаралар:

Егер қарыз алушы шарт бойынша өзіне қабылданған міндеттемелерді орындамаған не тиісті деңгейде орындамаған жағдайда, Банктің заңнамаға және шарттың талаптарына сәйкес шаралар қолдануға құқығы бар. Мұндай шаралар мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Ақшаға, оның ішінде қарыз алушының банктік шоттарында бар төлем талаптарын қою арқылы даусыз тәртіппен өндіріп алу;
  • қарыз нысанасының барлық сомасын мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қою;
  • Банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап-арызбен жүгіну, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті соттан тыс не сот тәртібімен өндіріп алу;
  • Заңнамаға сәйкес қарыз алушыны банкрот деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгіну;
  • Заңнамада және банктік қарыз шартының талаптарында көзделген басқа да шараларды қолдану.

Бұл қадамдар мен шаралар шартқа және Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ олар Банкке мерзімі өткен берешекті реттеу және шарт талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін құралдар ұсынады.