• kz

Баспасөз хабарламалары

2020 ЖЫЛЫ ҚДБ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА 506,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАДЫ

828A8336.jpg

Әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы және өндіріс көлемінің жаһандық қысқаруы ҚДБ-ның кредиттік қызметіне елеулі әсер еткен жоқ. 2019 жылды ҚДБ оң қаржылық нәтижемен аяқтады – аудиттелмеген деректер бойынша шоғырландырылған таза пайда 25,4 млрд теңгені құрады. Меншікті капитал көлемі 516 млрд теңгені құрап, өсім 2019 жылмен салыстырғанда 21% - ды құрады.

Есепті кезеңде қазақстандық экономиканы кредиттеуге Банк 195,4 млрд теңге сомасына 9 инвестициялық жоба, сондай-ақ 4 экспорттық операция қаржыландыруға мақұлданды. Атап айтқанда, Қазақстанда Hyundai жеңіл автомобильдерін шығару зауытын салу, Қарағанды қаласында кен байыту фабрикасын салу және құю өндірісін жаңғырту, Агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу, «Керуен-Сарай» туристік кешенін салу, сондай-ақ Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бес елді мекенге газ құбырын тарту сияқты ірі жобалар және басқа да жобалар.

2020 жылы қуаттарды іске қосу серпіні де оң трендті көрсетті. Мәселен, өткен жылдың 12 айында Банк жүзеге асыру өңірлерін дамытуға елеулі әлеуметтік, экономикалық және мультипликативтік әсер ететін 9 ірі кәсіпорынды жаңғыртып, пайдалануға берді. Олардың іске қосылуының арқасында республика бойынша 1942-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. 2020 жылы республикалық бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Іске қосылған және жаңғыртылған кәсіпорындардың ішінде өнеркәсіптік алыптар ғана емес, «жасыл» жобалар да бар. Мысалы, Ақмола облысында «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының 50 МВт екінші іске қосу кешенін және Алматы облысында «Қаскелең 50 МВт» күн электр станциясын салу сияқты жобалар бар, сондай-ақ Маңғыстау облысында «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені, Алматыда Hyundai жеңіл автомобильдерін шығару зауыты пайдалануға беріліп, «Транстелеком» АҚ теміржол желілері бойындағы байланыс платформасының аппараттық-бағдарламалық кешені және басқалары іске қосылды.

2020 жылы тартылған қор жасау көлемі 542 млрд теңгені құрады, оның 74,9%-ы - нарық қаражаты. Банк мемлекеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне нарықтық қарыз алудың 2,98 теңгесін тартты. Қор жасау құрылымындағы мемлекеттік қаражат үлесін төмендету үшін ҚДБ капиталдың ішкі және халықаралық нарықтарында қарыз алудың әртүрлі құралдарын пайдаланады: тартылған нарықтық қаражаттың 35%-ын банкаралық қарыздар, 15%-ын теңгеде деноминацияланған еурооблигациялар, ал қалған 40%-ын жергілікті облигациялар құрады, 10% -
басқа қаржы институттарының салымдары. Кредиттік портфель құрылымындағы теңгедегі қарыздардың үлесі 2013 жылғы 20,5% - дан немесе 78 млрд теңгеден 2020 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша 54,5%-ға дейін немесе 1 076 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ИИДМБ) негізгі операторы ретінде ҚДБ жалпы сомасы 544,2 млрд теңгеге 26 инвестициялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Бүгінгі таңда оларды жүзеге асырудың оң әсері байқалады, атап айтқанда, 2015-2020 жылдар аралығында 5,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сатылған өнім көлемі 1 349 млрд теңгені, экспорттық өнім – 1 044 млрд теңгені құрады, бұл ретте бюджетке төленетін салық төлемдерінің көлемі ұқсас кезеңде шамамен 187 млрд теңгеге жетті. Олар: Ақтөбе рельс-арқалық зауытын салу, Қаратау қаласындағы цианисті натрий өндіру зауыты, Ақтаудағы минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту, Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын қайта жаңарту, Ақтау халықаралық теңіз портын кеңейту, Шымкент қаласында қуаттық трансформаторлар шығару зауытын салу, Ақмола облысында бройлерлер өсіру бойынша құс фабрикасын салу (1 және 2-кезең), Қарағандыда ферросилиций өндіру зауытын салу, Шымкент МӨЗ-ін қайта жаңарту және жаңғырту, Шымкент қаласында метил-трет-бутил эфирін өндіру зауытын салу, Шығыс Қазақстан облысында Тұрғысын СЭС-ін салу, Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру және басқалары.

ҚДБ-ның инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуы шеңберінде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша отандық экспорттаушыларды қаржыландыру, вагон-өндірушілер мен авто-өндірушілерді қолдау, сондай –ақ ЕДБ арқылы өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру үшін 800,6 млрд теңге игерілді, оның ішінде 753,1 млрд теңге ҚР Ұлттық қорынан, қалған 47,5 млрд теңге – БЖЗҚ қаражаты.

Даму банкінің стратегиялық жоспарларына сәйкес, 2021 жылы 820 млрд теңгеге дейінгі сомаға жобаларды қарау, сондай-ақ тиісінше 460,8 млрд теңгеге қарыз беру жоспарланып отыр. ҚДБ 10 өндірісті пайдалануға береді және жаңғыртады деп күтілуде.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банк инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейінгі жобаларды қаржыландырудың ыңғайлы құрылымын ұсынады. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың «шегі» 7 млрд теңгеден, тамақ саласы үшін - 3 млрд теңгеден, экспорттық операциялар үшін - 1 млрд теңгеден басталады. Банк сондай-ақ ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында ҚДБ әкімшілендіруіндегі, қаржыландыруындағы және қарауындағы жобалар туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат базасын кеңейтті. Банктің http://www.kdb.kz сайтында қаржыландырудың негізгі шарттары туралы ақпаратпен және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі: 8 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDB.kz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79