• kz

Түркістанда 2021 жылы заманауи туристік кешен салынады

караван сарай.png

Мәміле Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға дейінгі Кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды .

Биыл туризм саласы бүкіл әлемде пандемияның теріс ықпалына ұшырағанына қарамастан, Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша үлкен әлеуеті, сондай-ақ әлемдік қоғамдастыққа бай табиғи әлем ұсыну мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан және бай тарихы мен экономикалық даму әлеуеті бар түркі әлемінің рухани астанасы болып табылады.

Караван сарай 1.png

«Керуен-Сарай» туристік кешені туристер Түркістан тарихымен, Қазақстанның мәдениетімен, тарихи тұлғаларымен және Ұлттық спортымен жақынырақ таныса алатын өңірдегі ең ауқымды жоба болады.

«Караван-Сарай» көпфункционалды туристік кешені 115 нөмірге есептелген премиум класты екі қонақ үйді, жылына 300 мың адам жүрерлік сауда және отбасылық-ойын-сауық орталықтарын, сондай-ақ панорамалық аттракционды, spa-орталықтарды, кинотеатрды және фуд-кортты қамтиды. Инвестициялық жобаны 2021 жылдың 1 тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда, тапсырыс беруші – «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС.

«Жобаны іске қосу туристерді тартудың жаңа орталығын ашады, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді, ол қазірдің өзінде елдің туристік саласын дамыту үшін басымдықты 10 нысанның қатарына кіреді. Нарық талдауына сәйкес, Түркістан қаласына жыл сайын 28 мың шетелдік турист келеді. Сонымен қатар, Әзірет Сұлтан кесенесі сияқты ежелгі тарихи ескерткіштердің болуына байланысты ішкі туристер ағыны да әсерлі. Біздің есебімізше, кешен 2025 жылы 890 мыңнан астам адамға, оның ішінде 33 мыңға жуық шетелдік қонаққа қызмет көрсетеді», - деп бөлісті «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС Бас директоры Тасымов Мұхамед.

~0454717.jpg

2018 жылы Түркістан облыс орталығы мәртебесін алды, бұл өңірдің қарқынды дамуына ықпал етті. Сауда белсенділігін арттыру және халықтың өсуі үшін қаланы дамытуға Үкімет 2024 жылға дейін 1 трлн теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Жаңа туристік орталықты іске қосу қажылық туризмін, гастрономиялық туризмді, сондай-ақ логистика, жолаушыларды тасымалдау қызметтері, тарихи ескерткіштерге бару, тамақтану қызметтері, кәдесый өнімдерін сату және басқа да көптеген кәсіпкерлік бастамалар сияқты салалардағы кәсіпкерлікті дамытуға оң серпін бере отырып, өңірдің дамуына мультипликативтік әсер етеді.

«Жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Оның іске қосылуының арқасында алдағы 20 жылда бюджетке 50 млрд теңгеге жуық салық аударымдары түседі. Құрылыс кезеңінде жергілікті тұрғындар үшін 1000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Кешен пайдалануға берілгеннен кейін тағы 1000-нан астам адам қызмет көрсету саласындағы жоғары ақы төленетін жұмысқа тартылатын болады» - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

Саркулов Абай.jpg

Қазақстанның Даму Банкінің шетелдік инвесторлармен, атап айтқанда неміс, түрік және қытай инвесторларымен Банк жобаларын қаржыландыруда табысты ынтымақтастық тәжірибесі бар. "Керуен-Сарай" туристік кешенін қаржыландыру құрылымы шетелдік инвесторлардың инвестицияларын да көздейді, мәселен, қарыз алушының жеке қатысуы 47 млрд теңгені (жобаның жалпы құнының 54% - ы), Банктің 40 млрд теңге сомасына қатысуы, оның ішінде 30 млрд теңгесі Банктің сыртқы қарыз алу нарықтарына тартқан қаражаты, қалған 10 млрд теңгесі (бұл жоба құнының 11,4% - ы) бюджеттік кредит есебінен ұсынылған.

Осы жобаны іске асыру туризм индустриясының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында туристік саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жеңілдікті ұзақ мерзімді кредит беру бөлігінде міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

«Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС - FTG түрік компаниясы және KIDF (Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясы құрған девелоперлік компания болып табылады. ҚР туристік саласын дамытуға белсенді атсалысып, Ақтау қаласының жағалауында алғашқы отандық курорттық жобаны бірлесіп сәтті жүзеге асырған (Rixos Water World).

«Қазақстан даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79