«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) басқарушы директоры Дина Жанаділ Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі халықаралық инвестициялық диалогта сөз сөйледі. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Үкіметі Азия даму банкімен бірлесіп ұйымдастырды.
«Қазақстан инфрақұрылымын трансформациялау: мемлекет, халықаралық қаржы институттары және инвесторлар синергиясы» атты панельдік сессияда Дина Жанаділ ҚДБ-ны тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіруші институт ретінде таныстырып, Банктің МЖӘ жобаларына қатысуының практикалық мысалдарын атап өтті. Олардың қатарында халықаралық кредиторлармен бірлесіп Көкшетау қаласында көпбейінді аурухана құрылысын қоса қаржыландыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобалары бар. Спикер мұндай бастамаларды бағалаудың негізгі өлшемдеріне тоқталып, тәуекелдерді бөлу мен өңірлер үшін әлеуметтік-экономикалық әсердің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің инвестицияларды сүйемелдеуде «бір терезе» қағидатын енгізе отырып, Ұлттық инвестициялық холдингке трансформациялануына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ халықаралық және отандық инвесторлар тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсететін ҚДБ-ның ресурстық базасының көрсеткіштері ұсынылды.