• kz

ҚДБ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін халықаралық қаржыландыру тартады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) Қазақстан Республикасы Президентінің Брюссельге ресми сапары аясында халықаралық қаржы институттарымен жалпы сомасы 922 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойды.

Маңызды оқиғаның бірі – Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттіктің (MIGA) кепілдігімен 785 млн АҚШ доллары сомасына кредиттік келісімге қол қою болды. Бұл Қазақстанның Даму Банкінің MIGA кепілдігін пайдалана отырып жасасқан алғашқы мәмілесі. Аталған келісім ірі халықаралық синдикатталған қарыздарды тартуға жаңа мүмкіндік ашады.

Бастапқы кредиторлар ретінде Standard Chartered Bank, JPMorgan Chase Bank, N.A., London Branch және Commerzbank AG қатысты. Тартылған қаражат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жобаларын қаржыландыруға бағытталады.

Сонымен қатар, ҚДБ мен Еуропалық инвестициялық банк жол инфрақұрылымын, порттар мен логистика саласын жаңғырту жобаларын кейіннен қаржыландыру үшін 120 млн еуро сомасына Ниет туралы хатқа қол қойды.

 Қаржыландырылатын жобалар еліміздің 17 өңірін қамтиды. Олардың қатарында Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің учаскелері бар. Жобаларды іске асыру жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, өңірлер мен халықаралық бағыттар арасындағы көлік байланысын жақсартуға, жол жүру уақытын және апаттылық деңгейін қысқартуға, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құрып, халық пен бизнестің көлік инфрақұрылымына қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!