• kz

ҚДБ Жезқазғанда бу-газ қондырғысының құрылысын қаржыландырады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк)  және «Kazakhmys Energy» ЖШС Жезқазған қаласында қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру үшін кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды.

Банк жобаның жалпы құнының 77 пайызын қаржыландырады. ҚДБ ұсынатын қарыз көлемі 788,9 млн қытай юанін құрайды. Бөлінген қаражат жабдық сатып алуға, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына бағытталады. Жобаның мақсаты – Солтүстік энергетикалық тораптағы электр энергиясы мен маневрлік қуат тапшылығын азайту, сондай-ақ өңірдегі өнеркәсіптік және өзге де тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету. Жоба толық қуатына шыққан кезде өнімнің жоспарланған жылдық көлемі 501 948 мың кВт·сағ құрайды.

Жоба аясында Siemens Energy AB және Harbin Electric International өндірушілерінің заманауи әрі жоғары технологиялық жабдықтары пайдаланылады. Нысанды 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру бюджетке жыл сайынғы салық түсімдерінің артуына ықпал етіп, өңірде 76 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтіледі.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!