• kz

Марат Елібаев Ригадағы ЕҚДБ жылдық жиынында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Ригада өткен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) 35-ші жылдық жиыны аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) Марат Елібаев Қазақстанның жаңа инвестициялық кезеңіне арналған сессияда сөз сөйледі.

Баяндама барысында ҚДБ басшысы «Бәйтерек» холдингінің инвестиция тартуға және жобаларды құрылымдауға белсенді атсалысатын Ұлттық инвестициялық холдингке айналып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Холдингті жыл сайын мемлекеттік капиталдандыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. Ал құрылып жатқан салалық инвестициялық кеңестер басым бағыттар бойынша жобалар пулын қалыптастырады.

Сондай-ақ Марат Елібаев Холдинг экожүйесінің 2025 жылғы жұмыс нәтижелерін таныстырды. Осы кезеңде Қазақстан экономикасына 21 млрд АҚШ долларынан астам қаражат бағытталған.

ҚДБ-ның жаңартылған қаржыландыру стратегиясына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жобаларды қаржыландырудың ең төменгі шегі 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ресурстарды ірі әрі капиталды көп қажет ететін бастамаларға шоғырландыруға мүмкіндік береді. ЕҚДБ-мен табысты ынтымақтастықтың мысалы ретінде Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту, Жамбыл облысында жел электр станциясын салу және Көкшетауда көпбейінді аурухана құрылысы жобалары атап өтілді.

Сөз соңында Банк басшысы халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын белгіледі. Олардың қатарында өнеркәсіптік дамудың бастапқы кезеңіндегі жобаларға ұзақ мерзімді үлестік капиталды бірлесіп ұсыну, сондай-ақ күрделі инвестициялық мәмілелерді құрылымдау үшін мамандандырылған сараптама тарту бар.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!