• kz

ҚДБ қаржыландырған жаңа «Масло-Дел» зауыты қалай жұмыс істейді?

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Масло-Дел Петропавловск» кәсіпорнына арнайы баспасөз турын ұйымдастырды.

Жуырда ғана Премьер-Министр ішкі нарықты отандық өніммен қамту деңгейін арттыру қажеттігін атап өтіп, азық-түлік өнімдері өндірісін ұлғайту жөнінде тапсырма берді.

«Масло-Дел» компаниясы 2006 жылдан бері Қазақстандағы сүт және май өнімдері өндірісі нарығында көш бастап келеді. Кәсіпорын толық технологиялық цикл бойынша жұмыс істейді: дән мен сүтті өңдеуден бастап, дайын тағам өнімдерін шығаруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Жылдық өндірістік қуаты – 180 мың тонна.

Өткен жылы компания Қазақстанның Даму Банкінің қолдауымен майлы дақылдарды терең өңдейтін майды экстракциялау зауытын іске қосты. Банк бұл жобаға 11 млрд теңге инвестиция салды.

– «Масло-Дел» жобасы – терең өңдеуге салынған инвестициялар қалай нақты нәтиже беретінінің үлгісі. Жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, ел ішінде де, сыртқы нарықтарда да сұранысқа ие өнім өндірілуде. ҚДБ-ның қолдауы компанияның өсіп, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруына мүмкіндік берді. Жаңадан іске қосылған майэкстракция зауыты Қазақстанның шикізатты дайын күйінде экспорттаудан гөрі, жоғары қосылған құнды өнім өндіруге көшуіне жол ашады, – деп атап өтті ҚДБ банкирі Әділжан Нәрік.

Зауыт іске қосылғаннан кейін 270 тұрақты жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын күнбағыс, рапс және зығыр дәндерін терең өңдейді. Өндіріс өсімдік майлары, шрот, күнжара, лецитин және биоотын пеллеттер секілді жоғары қосылған құнды өнім шығарады. Өнімнің бір бөлігі Қытай мен Ресейге экспортталуда.

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты:

- тәулігіне 1 500 тонна шикізат өңдеу;

жылына 200 мың тонна май өндіру;

жылына 300 мың тонна күнжара мен шрот шығару;

5 400 тонна лецитин өндіру;

110 мың тонна пеллет дайындау.

Кәсіпорын директоры Павел Селиванов таныстыру барысында компания құрылымы, өндірістік сызба, инвестиция нәтижелері және алдағы жоспарлар туралы кеңінен айтып берді.

– ҚДБ-ның қолдауы экспорт көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. 2014 жылы 3 млрд теңгенің өнімін сыртқа шығарсақ, бүгінде бұл көрсеткіш 28 млрд теңгеге жетті. Банктің дер кезінде бөлген айналым қаражаты әсіресе маусым кезінде майлы дақылдарды көбірек сатып алуға жағдай жасайды. Нарықта бәсеке жоғары, сондықтан шикізатты неғұрлым көп қабылдасақ, соғұрлым тиімді, – деді ол.

Баспасөз туры барысында журналистер өндіріс цехтарын аралап, технологиялық желілердің жұмысымен танысты.

– Қазір ҚДБ-да өндіріс қуатын кеңейту жобамыз қаралып жатыр. Май мен дәнді кептіру жүйесін күшейтіп, сақтау қоймаларын үлкейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Алматыдағы май комбинатын жаңғырту жобасы бойынша да өтінім бердік. Оның құны – 5 млрд теңге. Инвестициялық және экспорттық жоспарларымыз кең, – деді Павел Селиванов.

Баспасөз турға қатысқан журналистер зауыт жұмысы туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, елдегі азық-түлік өнеркәсібінің дамуы жөнінде толыққанды ақпарат алды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!