• kz

Кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа қыры: Қазақстанның Даму Банкі бизнес өкілдеріне арнап вебинар өткізді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) еліміздің өндірістік және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде 14 қараша күні кәсіпкерлерге арнап «Қазақстанның Даму Банкінен қаржыландыруды қалай алуға болады?» тақырыбында вебинар өткізді.

Онлайн форматта өткен кездесуге Қазақстанның барлық өңірінен 70-тен астам кәсіпкер қатысты. Бұл шара Банк пен бизнес өкілдері арасындағы ашық диалогты дамытуға және кәсіпкерлерге қаржыландыру тетіктерін кеңінен түсіндіруге арналды.

Вебинарға Қазақстанның Даму Банкінің үш тәжірибелі маманы – аға банкирлер Айнаш Қайбағарова, Төлеген Советхан және Жадыра Омарова қатысып, экспорттық операциялар және инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәртібі мен талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Олар Банк басымдық беретін бағыттарды, жобаларды қарау кезеңдерін, несиелеу талаптары мен қаржылық құралдарды нақты мысалдармен түсіндірді.

Кәсіпкерлерге Банк қолдауына ие бола алатын экономиканың негізгі салалары таныстырылды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ және химия, машина жасау, энергетика, көлік пен инфрақұрылым, агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдеу, туризм, медицина және экологиялық қызмет түрлері қамтылды. Сонымен қатар, азық-түлік пен сусын өндірісі және экспортқа бағытталған өнімдер мен қызметтер де қолдау көре алады.

Банк ұсынатын қаржылық құралдардың қатарында тікелей несие беру, экспорттық қаржыландыру, лизинг, синдикатталған қаржыландыру және кластерлік тәсіл секілді ірі жобаларға арналған ерекше механизмдер бар.

Жобаларды қарау кезеңдері – бизнес-ұсыныс, индикативтік талдау, сараптама мен тәуекелдерді бағалау, келісімшартқа қол қою және кейінгі мониторинг – рет-ретімен түсіндірілді. Спикерлер қатысушыларға «Жеке кабинет» онлайн платформасы арқылы жобаларды ұсыну мүмкіндігін ерекше атап өтті. Бұл сервистің арқасында процестің ашықтығы мен ыңғайлылығы қамтамасыз етіледі.

Кластерлік жобалар туралы бөлімде экспорт әлеуеті жоғары, технологиялық жаңғыруды көздейтін, ESG стандарттарын ұстанатын жобаларға қойылатын талаптар баяндалды. Мұндай тәсіл жаңа өнеркәсіптік орталықтардың қалыптасуына ықпал етеді.

Кәсіпкерлер Банк өкілдеріне тікелей сауал қойып, нақты жобалары бойынша кеңес алды. Экспорттық қаржыландырудың шарттары, кепілдік құрылымдары мен сараптау өлшемдері – қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған тақырыптар қатарында болды. Онлайн кездесу бизнес үшін пайдалы алаңға айналып, Банк қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын айқын көрсетті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!