• kz

Qazaq Green Fest аясында Қазақстандағы энергетикалық трансформациядағы ҚДБ-ның рөлі талқыланды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқарушы директоры Дина Жанаділ IV Халықаралық іскерлік фестиваль – Qazaq Green Fest шарасына қатысты.

«Энергетикалық трансформация: баламалы энергия көздері саласындағы заңнамалық бастамалар» сессиясы барысында Дина Жанаділ Қазақстандағы жаңартылатын энергетиканы заңнамалық тұрғыдан дамыту мен елдің негізгі энергетикалық жобаларын жүзеге асырудағы Банктің маңызды рөлін атап өтті.

– ҚДБ заңнамалық әрі нарықтық эволюцияның әрбір кезеңін қолдайтын негізгі институт болып қала береді. Заңнаманы жетілдірудің әрбір сатысында Банк тұрақты тарифтерден бастап аукциондар мен корпоративтік келісімдерге дейінгі түрлі тетіктерді пайдалана отырып, бірқатар ЖЭК жобаларын қаржыландырды. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша, Қазақстандағы барлық жұмыс істеп тұрған ЖЭК қуаттарының 24%-ын, яғни 751,8 МВт қаржыландырды, – деп атап өтті өз сөзінде Дина Жанаділ.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ҚДБ барлық жаңа жобалар үшін, соның ішінде ЖЭК саласындағы жобаларға да, жылдық 12,6% мөлшеріндегі бірыңғай тұрақты қаржыландыру мөлшерлемесін енгізді. Оның жарқын мысалы – Жетісу облысындағы қуаты 42 МВт Рудничный ГЭС-терінің құрылысын қаржыландыру. Бұл жоба өңірді энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, стратегиялық маңызды ЖЭК жобаларын іске асыруда бірыңғай мөлшерлеменің тиімділігін көрсетті.

Сонымен қатар, энергетика саласындағы «жасыл» және орнықты жобаларды жүзеге асырудағы Банктің тәжірибесі, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын ілгерілетудегі ҚДБ-ның негізгі рөлі ерекше аталды.

Бұған қоса, «Бәйтерек» холдингінің «Даму» қоры базасында Кепілдік қорын құру жөніндегі маңызды бастамасы атап өтілді. Жобаның құнының 30%-ына дейінгі бөлігін жабуды көздейтін бұл тетік кредиторлар үшін тәуекелдерді едәуір төмендетіп, қаржыландырудың қолжетімділігін арттырады.

Естеріңізге сала кетсек, осы тетік аясында ҚДБ қазірдің өзінде «Qazaq Global Food JV» ЖШС-ға несиеге кепілдік беру туралы «Даму» қорымен алғашқы келісімге қол қойған болатын.

Сондай-ақ, ҚДБ-ның қытайлық юаньда қаржы тарту тәжірибесі ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, Орталық Азиядағы алғашқы 2 млрд юань көлеміндегі еурооблигацияларды орналастыру жүзеге асырылды. Мұндай шаралар Қытаймен ынтымақтастық орнатқан және экспортқа бағытталған қазақстандық бизнесті тиімді қолдауға мүмкіндік береді.

Qazaq Green Fest аясындағы ҚДБ-ның қатысуы Банкке энергетика, инфрақұрылымды жаңғырту және «жасыл» экономикаға көшу саласындағы ең ірі ұлттық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі қаржы институты ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!