Халықаралық рейтинг агенттігі Standard & Poor’s «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) несиеге қатысты рейтингтері бойынша «Тұрақтыдан» «Оң болжамға» өзгертті.
ҚДБ рейтингіне қатысты болжамның қайта қаралуы Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтеріне байланысты қабылданған шешімнен кейін жасалды.
«Рейтингтер бойынша «Оң» болжам Қазақстанның ұзақ мерзімді несиеге қатысты рейтингіне болжамды айқындайды», – деп хабарлады агенттік. Бұл еліміздің сенімді қаржылық көрсеткіштерін атап көрсетеді.
Сонымен бірге, Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиеге қатысты рейтингтері шетел валютасы мен ұлттық валютада «ВВВ-/A-3» деңгейінде расталды.
«Біз ҚДБ-ны стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде қарастырамыз. Банк – «Бәйтерек» холдингінің ең ірі еншілес компаниясы, әрі оның қаржылық тұрақтылығы біздің ойымызша мемлекеттің қаржылық тұрақтылығымен тікелей байланысты. ҚДБ үлесіне холдингтің жалпы активтерінің шамамен үштен бірі тиесілі. «Бәйтерек» тобының несиеге қатысты профиліне берген бағамыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша егеменді несиеге қатысты рейтингке (BBB-/Оң/A-3) сәйкес келеді», – делінген Standard & Poor’s ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Қазақстанның несиелік рейтингіне қатысты болжамның жақсаруы елдің экономикалық және қаржылық тұрақтылығын күшейтуге, несиеге қатысты орнықтылықты арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ бұл капитал нарықтарынан қаражат тарту шарттарына оң әсер етіп, ел экономикасына құйылатын инвестициялар көлемін арттыра түседі.