• kz

ҚДБ Қазақстанның энергетикалық және көлік инфрақұрылымын қолдауға ЕИБ-тен 200 млн еуро тартады

Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) мен Еуропалық инвестициялық банк (бұдан әрі – EIB Global) Қазақстанда инфрақұрылымды және жасыл энергетиканы дамыту мақсатында 200 млн еуро сомасына келісімшартқа қол қойды. Бұл қаражат көлік желісін жақсартуға, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін жүзеге асыруға, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласы мен климаттың өзгеруіне қарсы күрес жобаларын дамытуға бағытталады.

 

WhatsApp Image 2025-03-13 at 15.16.14.jpeg


«EIB-тің негіздемелік кредиті Қазақстан экономикасының екі маңызды секторын дамытуға бағытталған, бұл елдің неғұрлым әртараптандырылған және тұрақты экономикалық моделіне көшуіне ықпал етеді. Бұл көлік инфрақұрылымына инвестиция салуға мүмкіндік беріп, Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды жылдам әрі сенімді етуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, қарыз Қазақстанға энергетиканы әртараптандыруға, жаңартылатын энергия көздерін дамыту арқылы климаттың өзгеру салдарын азайтуға, қазба отынға тәуелділікті төмендетуге және парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға көмектеседі», – деп атап өтті Қазақстандағы EIB вице-президенті Кириакос Какурис.

 

WhatsApp Image 2025-03-13 at 15.16.13.jpeg


Аймақтардағы жолдарды қалпына келтіруді қаржыландыру автомагистральдардың өткізу қабілетін арттырып, Қазақстанның өңірдегі ең ірі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвестицияларды тартуға, өнеркәсіпті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Жолдарды қалпына келтіру бағдарламасын инвестициялар есебінен Қазақстанның автомобиль жолдарын басқару ұлттық операторы «ҚазАвтоЖол» Қазақстанның Даму Банкімен бірлесіп жүргізеді.

 

WhatsApp Image 2025-03-13 at 15.16.13 (1).jpeg


Өз кезегінде, энергетика секторындағы қаржыландыру CO2 шығарындыларын азайтуға көмектесетін және энергетика секторындағы неғұрлым экологиялық және экономикалық тиімді шешімдерге көшуге ықпал ететін жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталады.

 

«ҚДБ Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды, жаңартылатын энергетиканы және төмен көміртекті бастамаларды қолдау үшін халықаралық қаржыландыруды белсенді түрде тартып, аралас қаржыландыру тетіктерін дамытып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз. EIB Global-мен серіктестік экономика мен қоғамға пайда әкелетін маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!