• kz

Қазақстанда экспортты қалай қолдайды?

Қазақстан бай табиғи ресурстарға ие және өңдеу өнеркәсібін дамыта отырып, әлемдік нарықта экспорттық тауар айналымын белсенді түрде арттырып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 104,3 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 61,4 млрд АҚШ долларына жетті.


WhatsApp Image 2024-12-25 at 11.57.46.jpeg


Ел экспортындағы оң үрдістер

Ресми статистика бойынша, 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанның негізгі сауда серіктестері барлық шетелдік жеткізілімнің 24,6% Италия, 18% Қытай, 11% Ресей, 6,3% Нидерланды, 4,7% Франция және 4,1% Түркия болып табылады. Экспорт құрылымында шикізат тауарлары басым: шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (55,2%), химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (5,1%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5%), мыс кендері мен концентраттары (3,9%), сондай-ақ ферроқорытпалар (2,8%).

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі тауарлары экспортының тұрақты өсуі байқалады, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осы кезеңде 1,07 млрд долларға өсті. Бір қызығы, шикізаттық емес тауарлар экспортының бұл өсуі негізінен орта және жоғарғы қайта бөлу өнімдері экспортының 0,99 млрд АҚШ долларына өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл үрдіс, соның ішінде бір жағынан жаңа кәсіпорындарды іске қосу және екінші жағынан өндірістерді, сондай-ақ тауарларды экспорттауды мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында мүмкін болды.

 диаграмма.jpg

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Анықтама: ҚР өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 2018 жылғы 15,7 млрд доллардан 2023 жылы 25,7 млрд долларға дейін өсті.



Экспортты қаржылық қолдауда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ маңызды рөл атқарады, ол инвестициялық экспортқа бағдарланған өндірістерді қаржыландырумен қатар, экспорт алдындағы операцияларға 1 млрд теңгеден басталатын сомаға кредиттік қаражат ұсынады. Бұл қаражат кәсіпорындарға дайын өнімге өңдеу және оны одан әрі экспорттау үшін шикізат сатып алуға мүмкіндік береді. Мысалы, 2023 жылы ҚДБ 372 млрд теңгеге 29 экспорттық жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚДБ-да несие алған кәсіпорындардың жалпы экспорттық түсімі 1,1 трлн теңгені құрады, оның жартысына жуығы ҚДБ-ны тікелей қаржылық қолдау есебінен қамтамасыз етілді.

Қолдау тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, металлургия кәсіпорындарын қамтиды. Бұл өңдеуші өнеркәсіптің негізгі салалары, онда соңғы жылдары тек ішкі қазақстандық нарықтың ғана емес, сонымен қатар шетелдік нарықтарда бәсекеге түсу мүмкіндігінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті нарық қатысушылары пайда болды.

Жаңа жобалардың ішінде «Казэнергокабель», «ПК Цемент зауыты Семей», AZALA Cotton, AZALA Textile, «Востокмашзавод», «Астана Титан», «Промбаза-7» ЖШС, «Qazaq Astyq Group» ЖШС, «BioOperations» ЖШС, «Бота-2015» ЖШС және басқа да компанияларды атап өтуге болады.


диаграмма 2.jpg

Анықтама: ҚДБ соңғы алты жылда экспорттаушыларды қаржылық қолдау көлемін бес есеге арттырып, жылына 567 млрд теңгеден астам көрсеткішке жетті.


Аталған бағыттағы жұмыс 2024 жылы да жалғасты. 2024 жылдың тоғыз айында кәсіпорындардың жиынтық экспорттық түсімі 1,4 трлн теңгені құрады, оның үштен бірінен астамы ҚДБ-ның тікелей қаржылық қолдауы есебінен қамтамасыз етілді.

Бұл Жетісу облысындағы «Жаркент крахмал-сірне зауыты», Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қызылту ұн тарту комбинаты» ЖШС және Ақмола облысындағы «Көкшетау-Мельинвест» ЖШС сияқты кәсіпорындар. Олардың барлығы агроөнеркәсіптік кешенде және тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейді. Құрылыс материалдарын өндіру саласында да Ақмола облысындағы «Макинск жылу оқшаулау зауыты» және басқа да кәсіпорындар бар.

Бұл кәсіпорындар сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығарады. Сонымен қатар, өзгермелі нарықтық жағдайда олар жаңа бизнес мүмкіндіктерін табады. Осылайша, бұрын сыртқы нарықтарға азық-түлік ұнын жеткізген ұн тартатын кәсіпорындар Қытай нарығына жаңа өніммен – жемшөп ұнымен шыға алды.


Экспортқа арналған инновациялар

Шикізатты терең өңдеу, экономикалық тиімділік және экспорттық түсімді іске асыру саласындағы елеулі жетістіктерді көрсететін табысты жобалардың ішінде бидайды терең өңдеу өнімдерін өндіретін Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында орналасқан «BioOperations» ЖШС кәсіпорнына ерекше назар аударуға болады: бидай глютені (глютен), крахмал (12%), мал шаруашылығына арналған DDGS жемі, биоэтанол (29%) және көмірқышқыл газы. Компанияның өнімдері Еуропаға, соның ішінде Ұлыбританияға (жалпы экспорттың 30%), Бельгияға (23%), Швейцарияға (45%) және Өзбекстанға (3%) экспортталады.

2024 жылы кәсіпорында жаңғырту жұмыстары аяқталды, бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға және сыртқы нарықтардағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Biooperations зауыты инновациялардың, экспорттық әлеуеттің және жоғары қосылған құнның сәтті синтезінің мысалы бола алады.

 диаграмма 3.jpg

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы


Қазақстандық өсімдік майының экспорты соңғы бес жылда 4,4 есеге өсіп, 2023 жылы күнбағыс майының экспортының рекордтық көлемі 365 мың тоннаға жетті. Күнбағыс майы экспортының өсуі аясында күнбағыс тұқымы экспортының көлемі 2019 жылы 537 мың тоннадан 2023 жылы 238 мың тоннаға дейін төмендегені байқалады. Бұл үрдіс 2024 жылы да сақталып отыр. Мәселен, майлы тауарлардың сыртқы сауда айналымы құрылымының өзгеруіне ҚДБ тарапынан май өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру да ықпал етті, ол соңғы төрт жылда орта есеппен жылына 56 млрд теңгені құрады. Бұл ретте май саласында белсенді жұмыс істейтін сегіз кәсіпорынның экспорттық кірісі жылына орта есеппен 97 млрд теңгені құрады («Масло-Дел» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «ПК Сей-Нар» ЖШС, «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС, «Altyn Shyghys» ЖШС, «Бота-2015» ЖШС, «Промбаза-7» ЖШС, «Kaz-Ir Agro» ЖШС).


«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес құрылымдары – отандық экспорттаушылардың серіктестері

Үкіметпен серіктестікте ҚДБ және «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ҚЭКА) сияқты компанияларды қоса алғанда, «Бәйтерек» холдингі экономиканың нақты секторын дамытуға жәрдемдеседі. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі кәсіпорындар мен банктерге сақтандыру қызметтерін ұсына отырып, шикізаттық емес экспортты қолдайды, бұл тәуекелдерді барынша азайтуға және сыртқы сауда операцияларының қауіпсіз жүргізілуіне кепілдік беруге мүмкіндік береді.

ҚДБ сауданы қаржыландыруды, экспорттық аккредитивтерді растауды және қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сатып алатын шетелдік банктер мен резидент емес компанияларды кейінгі қаржыландыруды қоса алғанда, экспорттаушыларды қолдау тетіктерін дамытуды жалғастыруда. Бұдан басқа, ҚДБ ҚЭКА-мен экспорттаушыларды қолдау бойынша бірлескен бастамаларды іске асырады. Бұл құралдар экспорттаушыларға банкке аккредитив шарттарының орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін бірден тауар үшін төлемді жедел алуға және халықаралық мәмілелердегі өз тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ҚДБ қазақстандық компанияларға халықаралық тапсырыстарды орындау үшін банктік кепілдіктер құралын ұсынады. ҚДБ кепілдігімен облигациялық қарыздар түрінде жергілікті және халықаралық биржаларда қаражат тарту үшін экспорттаушылардың құзыреттерін дамыту жоспарда бар.

ҚДБ кепілмен қамтамасыз етуге икемді тәсілді қолдана отырып, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру ұсына отырып, экспорт алдындағы операцияларды қолдайды. Болашақта экспорттық келісімшарттар бойынша түсетін ақша кепіл бола алады.

Дүкендерде отандық өндірістің жаңа тауарларының болуы, өңірлердегі қазақстандықтар үшін жұмыс орындарының ашылуы, валюталық түсімдер мен бюджетке түсетін салық түсімдерінің өсуі бұл аталған шаралардың азаматтарға тигізетін пайдасы.

Бұл шаралар экспортты ынталандырып қана қоймай, қазақстандық экономиканың жаңа тұлғасын – халықаралық өткізу нарықтарында бәсекеге қабілетті өнім шығаратын және жоғары қосылған құнды дамытатын экономиканы қалыптастырады.

Экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды және қолданыстағы компаниялардың экспорт алдындағы операцияларын қаржыландырудан басқа, ҚДБ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсенді қатысады, оның ішінде республикалық жолдар бойынша жобалар, вагон паркін жаңарту және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды қоса алғанда, мемлекеттік көлік бастамаларын іске асыру, сол арқылы экспорттық тауарларды ілгерілетуге қолдау көрсетеді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!