• kz

ҚДБ «Sustainable Trends Kazakhstan Forum - 2024» форумында: ESG бастамалары қалай енгізілуде

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) «Sustainable Trends Kazakhstan Forum – 2024» форумына қатысып, Банктің және оның қарыз алушыларының қызметіне ESG бастамаларын енгізу тәжірибесін таныстырды. Форум ESG жаһандық трендтері мен көміртексіздендіру бастамаларын енгізетін сарапшылар үшін маңызды алаңға айналды.


WhatsApp Image 2024-06-04 at 12.18.33.jpeg


ҚДБ Басқарушы директоры Дина Жанәділ Банктің тұрақты даму саласындағы атқарған жұмысы, ESG-рейтингін алу тәжірибесі мен маңыздылығы, Банктің «жасыл» қаржыландыру саласындағы қызметі туралы айтып, осы бағыттағы ҚДБ жоспарларымен бөлісті. Ол өз баяндамасында ESG қағидаттарын енгізу экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті, сондай-ақ қаржы институттарын корпоративтік басқаруды жақсартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

«Өткен жылы Банк Sustainable Fitch агенттігінен алғашқы ESG рейтингін алды. Рейтинг бізге тұрақты даму стратегиясын басшылыққа алып қана қоймай, сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына адалдығымызды растайды. Банк ESG, «жасыл» және тұрақты қаржыландыру тәуекелдерін басқару тұжырымдамасын әзірледі, KASE және AIX биржаларында «жасыл» облигациялардың дебюттік шығарылымдарын жүзеге асырды, сондай-ақ 100 миллиард теңге сомасына «тұрақты» облигациялардың алғашқы шығарылымын жүзеге асырды. ҚДБ жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды қоса алғанда, кредиттік қоржындағы тұрақты және «жасыл» жобалардың үлесін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда», - деп атап өтті Дина Жанәділ.




Қазіргі уақытта ҚДБ жел, күн және гидроэнергетиканы қоса алғанда, жалпы қуаты 560 Мегаватт болатын жаңартылатын энергетика саласындағы 9 жобаны қаржыландырады. ЖЭК бойынша мақұлданған және қаржыландырылатын жобалардың жалпы көлемі шамамен 633 млн долларды құрайды. Айта кету керек, екі қарыз алушы осы саладағы жобалар бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген.

ҚДБ Sustainable Fitch агенттігінен ESG рейтингін алған елдегі алғашқы қаржы институттарының бірі болғанын еске сала кетейік. Агенттік ҚДБ қызметінің тұрақтылығын бағалап, оған «3» деңгейінде ESG-рейтингін және жалпы 60 балл берді. Бұл жетістік ҚДБ-ның тұрақы даму саласындағы көшбасшылығын және оның неғұрлым экологиялық жауапты экономиканы қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді.

Айта кетейік, Банк өз қызметінде БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатының 14-ін ескереді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Банк «Бір белдеу, бір жол» (GIP) жасыл инвестициялар қағидаттарына және БҰҰ Жаһандық шартына қосылды.

WhatsApp Image 2024-06-04 at 11.07.50.jpeg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79