• kz

Ботагөз Әбішева AIFC Connect: London 2024 іс-шарасында ҚДБ тәжірибесімен бөлісті

2 ақпанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған «AIFC Connect: London 2024» іс-шарасына қатысты. Алаңға Қазақстан мен Орталық Азиядағы бизнестің келешегін талқылау үшін түрлі елдерден келген инвесторлар мен қаржы сарапшылары жиналды.


«Қазақстанның борыштық нарығы: болашақта не күтіп тұр?» панельдік сессия аясында Ботагөз Әбішева жергілікті және халықаралық борыштық бағалы қағаздар нарығындағы Банктің табысты жетістіктерімен бөлісті. Спикердің айтуынша, Қазақстанның Даму Банкі тұрақты валютадағы борыштық міндеттемелер нарығындағы өтімділікті нығайтуда шешуші рөл атқарады және қазақстандық облигациялар нарығында маңызды қатысушы болып табылады. 

«Қазақстанның Даму Банкі халықаралық капитал нарығында тұрақты эмитент болып табылады, ол Қазақстандағы көптеген басқа әлеуетті эмитенттерге бағдар бере отырып, АҚШ доллары мен ұлттық валютада еурооблигациялармен нарыққа әр 1-2 жыл сайын шығады. Сонымен қатар, Банк жергілікті нарықты дамыта отырып, мысалы, 2023 жылдың желтоқсанында жергілікті «жасыл» облигациялар шығару жолымен озық нарықтық үрдістерді ұстанады», - деп атап өтті Қазақстан Даму Банкі Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева.

Бүгінгі таңда ҚДБ-да жалпы сомасы 1,2 млрд АҚШ доллары болатын АҚШ долларында да, теңгеде де деноминацияланған еурооблигациялардың орналастырылған бес шығарылымы бар.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79