• kz

Қазақстанның Даму Банкі елімізде алғашқылардың бірі болып Sustainable Fitch-тен ESG-рейтингін алды

Sustainable Fitch рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қызметінің тұрақтылығын «3» деңгейінде ESG-рейтингісін бере отырып, жалпы 60 баллға бағалады. Бұл Банктің Қазақстанның қаржы институттары арасындағы жоғары бағасын айқындайды. ESG рейтинг бизнестің және Банк стратегиясының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, корпоративтік басқарудың кәсіби тәжірибелеріне және ESG критерийлерін Банктің қаржылық қызметі мен қарыз алушыларының қызметіне енгізу жөніндегі жұмысына бағытталғандығын көрсетеді.

Агенттік есебінде Банктің ESG-рейтингісі оның тұрақты даму саласындағы бастамалары мен іс-әрекеттерін көрсететіні атап өтілген. Банктің 2024-2033 жылдарға арналған жаңа ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес «Тұрақты даму» стратегиялық бағыты айқындалған, оның аясында «ESG-рейтинг» стратегиялық ПӘК көзделген. ESG-рейтингтің болуы экологияға оң әсер ететін жобаларды қаржыландыруға бағытталған инвесторлар үшін тартымдылық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Агенттік 2022 жылдың соңында клиенттерге қарыздардың жалпы көлемінің 6%-ы тиесілі ҚДБ-ның жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыруы ESG-рейтингке оң әсер ететінін, сондай-ақ болашақта ЖЭК-ті қоса алғанда, «жасыл» жобалар көлемін жыл сайын қаржыландырылған жобалар қоржынының құрылымында кемінде 10%-ға дейін ұлғайтуға ұмтылатынын атап өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Банк Азия Даму Банкімен бірлесіп, орта мерзімді келешекке арналған ESG қағидаттарын енгізу бойынша жол картасын әзірледі.

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Банк Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 млрд теңге сомасына алғашқы «жасыл» облигацияларды шығарды. Банктің «жасыл» облигацияларының дебюттік шығарылымы AIFC жасыл қаржыландыру орталығынан екінші тараптың қорытындысына ие болды. Сондай-ақ, ESG жол картасын іске асыру аясында Банк қаражаты жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталатын «жасыл» облигациялар шығару жөніндегі жұмысты жалғастырады.

ESG-рейтингке Банктің (Scope 1 және 2) және оның қарыз алушыларының (Scope 3) парниктік газдар шығарындылары туралы ақпараттың 2022 жылғы жылдық есебінде ашылуы, сондай-ақ электр энергиясын, жылу энергиясын және суды тұтынудың, тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының төмендеу динамикасы оң әсер етті. Банк өзінің экологиялық әсерін төмендету бойынша өзінің мақсатты көрсеткіштерін көрсететін «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасын әзірледі, бұл да ESG-рейтингтің нәтижесіне оң әсер етті.

Сонымен қатар, Sustainable Fitch Банктің әлеуметтік көрсеткіштері мен корпоративтік басқару көрсеткіштерін оң бағалады. Осылайша, Банк жастар бастамалары мен спорттық іс-шараларды ілгерілету және денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыру арқылы демеушілік және қайырымдылық қызметке белсенді қатысады. Сонымен қатар, Банк тоқсан сайын қанағаттану деңгейін бағалау үшін клиенттер арасында сауалнама жүргізеді, оның нәтижелері корпоративтік сайтта жарияланады. Агенттік оң атап өткен Банк қызметкерлер мен басшылық құрамындағы инклюзивтілігімен және гендерлік теңдігімен, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару функцияларының болуымен және Банктің Директорлар кеңесінде тәуелсіз директорлардың болуымен ерекшеленеді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79