«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) және Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі (бұдан әрі - ҚМДБ) Бас кредиттік келісім жасасты. Құжатқа 18 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшысы, ҚДБ Директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Шарлапаев және ҚМДБ президенті Тань Цзюн қол қойды.
Келісім бойынша лимит сомасы 300 млн. АҚШ долларын құрады.
«Соңғы жылдары Қазақстанның Даму Банкі Қытайдың Даму Банкімен бірнеше кредиттік келісімдерге қол қойды, бұл Қазақстандағы бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жәрдемдесті. Біз бұл ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта да екі елдің экономикасын дамыту жолындағы бірлескен күш-жігеріміз жемісті және өзара тиімді болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті өз сөзінде Қанат Шарлапаев.
Аталған қаражат Қазақстан экономикасының химия және тау-кен өндірісі сияқты салаларындағы, энергетика, көлік, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы және басқа да секторлардағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бұл желі қытайлық контентпен байланыссыз қазақстандық инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін АҚШ долларымен ашық. Бұл ретте Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға, орта және жоғары қайта бөлу тауарларын шығаруға, сондай-ақ қазақстандық қамтудың жоғары үлесі бар жобалар басымдыққа ие болады.
Анықтамалық:
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстан аумағында ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға мамандандырылған ұлттық даму институты болып табылады. Банктің негізгі мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру және жетілдіру; өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту; ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі — Қытайдың үш мемлекеттік даму банктерінің ішіндегі ең ірісі (Қытайдың Экспорттық-импорттық банкін (Export-Import Bank of China) және Қытайдың Ауылшаруашылық даму банкі (Agriculture Development Bank of China) қоспағанда), ҚХР Мемлекеттік кеңесіне тікелей бағынады. Банк 2009 жылы Қаржы министрлігінен кейінгі елдің юань облигацияларының төрттен бір бөлігін құрайтын екінші ірі облигациялар эмитенті және шетел валютасындағы ең ірі кредитор болып табылады.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Қоғаммен байланыс қызметі:
Телефон: 8 (7172) 79 26 08
Сайт: www.kdb.kz
E-mail: pressa@kdb.kz