• kz

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) өз өнімдерін шетелдік нарықтарға экспорттайтын немесе экспортты бастауды жоспарлап отырған қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға өтінім беруге шақырады.

2022 жылдың соңына дейін Банк экспорттық операцияларды қаржыландыруға жылдық 12%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен 68 млрд теңге жұмсауға дайын. Қазірдің өзінде 33 млрд теңге шамасындағы жобалар қаралуда. Қалған қаражат қазақстандық бизнестің экспорттық операцияларын қаржыландыру үшін қолжетімді.

Экспорттық (экспорт алдындағы) операцияларды кредиттеу отандық кәсіпорындарды өз тауарлары мен қызметтерін экспортқа жеткізуді ынталандыруға бағытталғанын атап өткен жөн. Қарыздың ең аз сомасы - 1 млрд теңге, ал қарыз мерзімдері нақты операцияның талаптарына байланысты айқындалады.

Экспорттаушыларға қойылатын басты талап - өңделген өнім өндіру. Қаржыландыру шикізат пен материалдарды сатып алу үшін өнеркәсіптің өңдеуші секторындағы кәсіпорындарға беріледі.

Қаржыландыруға өтінім беру және қажетті құжаттар тізімімен танысу үшін мына сілтеме бойынша «Экспорттық операциялар» бөліміне өтуге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін жауапты банкирлердің телефондарына хабарласуға болады:

             Айнаш Қайбағарова, Тел.: +7 (7172) 79 26 11, AinashK@kdb.kz;

             Бауыржан Аманбеков, Тел.: + 7 (7172) 79 26 99, BauyrzhanA@kdb.kz.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79