• kz

Баспасөз хабарламалары

Антонио Сомма: ҚДБ қызметкерлері Уолл-стритте де сәтті жұмыс істей алады

221B0993.jpg

Сомма мырза, Сіз төрт жыл бойы Қазақстанның Даму банкінің тәуелсіз директоры болып табыласыз, ал бұрын ЭЫДҰ-да Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын басқардыңыз. Тәжірибеңізді ескере отырып, ҚДБ-ның бүгінгі экономикадағы рөлін қалай бағалар едіңіз?

«Бәйтерек» холдингі және ҚДБ сияқты мемлекеттік қаржы мекемелері мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру кезінде жобаларды сапалы қаржыландыруды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары, 2007-2008 жылдардағы дағдарыстан кейін қазақстандық бизнес мемлекет көмегіне жүгіне бастаған еді. Алайда, Covid-19 пандемиясына байланысты мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді және берік ынтымақтастық одан әрі де маңызды бола түсті. ҚДБ компаниялар мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын болып табылады және қаржы құралы ғана емес, саясат құралы ретінде де әрекет етеді.

ҚДБ энергетиканы, химия өнеркәсібін және кейбір жекелеген өндірістік секторларды қоса алғанда, экономиканың стратегиялық секторларына қолдау көрсетеді. Менің ойымша, бүгінде мемлекет пен Банк жеке секторды қаржыландыру көлемін арттыруы қажет, себебі бұл осындай күрделі кезеңде тұрақты және сапалы экономикалық өсудің кепілі болмақ. Жеке сектор – бұл экономиканы әртараптандырудың, заманауи технологияларды қолданудың, білікті жұмыс орындарын құрудың, сондай-ақ импортты алмастырудың драйвері. Мұнай мен газ біраз уақыт ел экономикасының негізі болары сөзсіз, бірақ мемлекет ҚДБ сияқты институттар арқылы инновациялар мен сапалы әртараптандыруды енгізуге ұмтыла отырып, жеке секторды дамытуды жалғастыра алады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚДБ-ның қаржылық жағдайын қалай бағалайсыз?

Бүгінгі күні ҚДБ экономика үшін бұрынғыдан да маңызды. Мен ҚДБ-ның қаржылық көрсеткіштерін қанша жобаны қаржыландырғанымызды, жеке секторға кредиттердің қанша үлесі берілгенін және ҚДБ-ның экономикаға әсері қандай екенін ескере отырып бағалаймын. Бұл ҚДБ миссиясы. Осылайша, 2019 жылы ҚДБ-ның жалпы қаржыландыруы 480 млрд теңгеден асты, бұл 2018 жылға қарағанда 30 млрд-қа артық. Сонымен қатар, банктің жеке секторға берген кредиттерінің үлесі 60%-дан асатын мөлшерге ұлғайды. Нәтижелерге қатысты, біз қаржыландыратын компаниялар 2014 жылдан бастап өндірілген өнім көлемін 58,6% - ға ұлғайтты, олардың экспорты 2018-2019 жылдар аралығында 60%-ға дейін өсті.

Біз қаржыландыратын компанияларда жаңа жұмыс орындарының (1700) құрылуы – мен үшін мақтанарлық жайт. ҚДБ көрсеткіштеріне келетін болсақ, өткен жылы біз капиталдың 2,72%-дан астам мөлшерді құраған оң тиімділігін көрдік. Тәуекелдік деңгейі теңгерімді болды. 2019 жылы резервтер несие қоржынының 4,68% деңгейінде болды. Жалпы, ҚДБ қаржылық көрсеткіштерін жақсы жағдайда ұстап келеді.

COVID-19 пандемиясы сұраныстың төмендеуі және валютаның девальвациясы тұрғысынан ҚДБ клиенттерінің нарықтарына теріс әсер еткенін, сонымен бірге жеткізу тізбегін бұзғанын атап өткен жөн. Бір жағынан, сұраныстың төмендеуі және валютаның девальвациясы ҚДБ клиенттерінің түсіміне әсер етті. Екінші жағынан, бұзылған жаһандық өндірістік-өткізу тізбектері ҚДБ клиенттерінің өнімді өндіру және жеткізу қабілетіне нұқсан келтірді. Мұндай дағдарыс салдарының толық ауқымы әлі де көрініс тауып келеді және экономиканың кейбір секторлары үшін бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.

ҚДБ өз мандаты шеңберінде дағдарысқа қарсы жоспардың төрт негізгі бағытында жұмыс істейді: бұл қаржылық орнықтылықты қолдау, сапалы кредиттік қоржынды қолдау, ҚДБ өтімділігін дұрыс басқару, сондай-ақ активтер мен міндеттемелерді басқару. Аталған шаралардың барлығы түптеп келгенде клиенттерімізге демеу болып, нәтижесінде 25 мыңнан астам жұмыс орнының сақталуына алып келеді.

Сіздің ойыңызша, ҚДБ-ға операциялық қызметті жақсартуға және неғұрлым тиімді институт болуға қандай бастамалар көмектеседі?

ҚДБ-ны цифрландыруды қамтитын АТ-жүйелерді жетілдіру, өйткені ол бизнес-процестерді, оларды көрсетуді және оңтайландыруды жақсартады, және де ең бастысы, қызметкерлерді оқыту мен көтермелеуді жалғастыру.

Банктің ең маңызды құралдарының бірі - жобалық қаржыландыру. Сіздің пікіріңізше, осы бағытта ҚДБ қандай маңызды қадамдар жасады және келешекте жасамақ?

Бұл құралдың жағымды ерекшелігі – біз баланстан тыс жобаларды тек активтер негізінде ғана емес, сонымен қатар жоба жұмыс істеп тұрған кезде пайда болатын ақша ағымы негізінде де қаржыландыра аламыз. Мұндай жобалар энергетика, әсіресе жаңартылатын энергия көздері сияқты секторлар үшін өте қолайлы. Осылайша, жобалық қаржыландыруды қолдана отырып, біз кейбір жағдайларда дәстүрлі банктен қаржыландыру ала алмайтын осындай бизнесті ынталандыра аламыз.

2017 - 2019 жылдар аралығында ҚДБ-ға осындай жобаларды қаржыландыруға 11 өтінім келіп түскен. Олардың кейбіреулері қазірдің өзінде жұмыс істейді – өзім барып, көз жеткізген болатынмын. Бұл жобалар - тұрақты даму жоспарының бір бөлігі болып табылады.

Өткен жылы жаңартылатын энергия көздерінен басқа, біз тұрақты дамудың басқа да бірқатар жобаларын мақұлдадық: бұл, мысалы, Қапшағайдағы күн электр станциясы, сондай-ақ заманауи оптоталшықты технологияларды пайдалана отырып, Қазақстанның ауылдық аудандарына кең жолақты интернет-қолжетімділікті қамтамасыз ету жобалары. Сондай-ақ, біз «Астана ЭКСПО-2017» жел электр станциясы, су электр станциялары және «Сарыарқа» газ құбыры сияқты маңызды жобаларды қаржыландырамыз.

d0bbf75517f9622608b3dfcb6baf05b9-small.png 

Тәуекелдіктерді басқару мәселесі басты және күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Пандемия кезінде тәуекелдіктерді тиімді басқару – бұл ерекше қабілеттілік

Шынында да, әлемдегі ең оңай жұмыс – адамдарға ақша беру, ал ең қиын жұмыс - сол ақшаны қайтару. ҚДБ қаражатының бір бөлігі салық төлеушілердің ақшасы екенін ескерсек, тәуекелдіктерді басқару банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. ҚДБ-дағы тәуекелдіктерді басқару моделі біз өмір сүріп жатқан экономикалық дағдарыстармен күресуге жақсы бейімделген. 2019 жылдың соңында жұмыс істемейтін кредиттерге бізде несие портфелінің жалпы көлемінің шамамен 1,7% болды, бұл кез келген халықаралық өлшем бойынша төмен көрсеткіш.

Банктің түрлі құрылымдық бөлімшелері кредиттеудің барлық кезеңдерінде: мақұлдау, төлем жүргізу, қызмет көрсету және кредитті өтеу кезінде тұрақты негізде тәуекелдіктерді анықтау, бағалау және азайту үшін тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздегі тәуекелдіктерді басқару жүйесі жақсарып келеді. Соңғы бірнеше жылда біз халықаралық консалтинг көмегімен кредит беру процесін оңтайландырдық, олар жобаның әртүрлі тәуекелдіктеріне неғұрлым нақты болатындай етіп өнім желісін кеңейттік.

ҚДБ-ның әртүрлі бөлімшелері жобаға тән тәуекелдіктер, экономикалық және қаржылық немесе валюталық тәуекелдіктер болсын, тұрақты негізде тәуекелдіктерді анықтау, бағалау, болжау және азайту үшін бір-бірімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Пандемия, мұнай бағасының құлдырауы және ұлттық валютаның девальвациясы тәуекелдіктерді басқаруға үлкен ауыртпалық әкеледі. Алайда, ол жеткілікті деңгейде мықты, сондықтан біз әлемдік нарықтағы осындай дауыл кезінде де сенімді бағдарлана аламыз.

Өз жұмысыңызда Сіз гендерлік және жас теңдігін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа тартуды жақтайсыз. Бұл туралы толығырақ айта кетсеңіз?

Бүгінгі күні ҚДБ қызметкерлерінің көпшілігі – әйелдер. Бізде Директорлар кеңесінде, басқармада, директорлар құрылымында және басқарушы директорлар қатарында әйелдер бар. Менің ойымша, біз осымен шектелмей, әйелдерге қолдау көрсетуді жалғастыруымыз керек.

Мен, бұл тек әлеуметтік әділеттілік мәселесі ғана емес, ҚДБ-ның негізгі мүддесі екенін де көріп отырмын. Басқармада жиі айтатынымыздай, барлық жерден данышпандарды іздеуіміз керек және оның еркек немесе әйел, мүмкіндігі шектеулі адам немесе жас адам екендігі маңызды емес.

Егер қандай да бір кемсітушілік болса, Банктің өз мандатын орындау мүмкіндігі кем болуы мүмкін. Сондықтан кемсітушілікті барлық жағынан жою, клиенттерге одан да жақсы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сайып келгенде, бұл ел экономикасына әсер етеді.

Барынша инклюзивті болу үшін жұмыс жасауымыз керек.

ҚДБ-да біз клиенттерімізді барынша ашық және орнықты болуға ынталандыру тәсілдерін табу үшін жұмыс істейміз және мен, ҚДБ бір күні Қазақстанның тұрақты дамуын бағдарлайтын банк болады деп санаймын. Тұрақты дамудың практикалық құралының мысалы ретінде мен тұрақтылық көрсеткіштері жүйесінің тұжырымдамасына сенемін. Бұл әрбір бағаланатын жоба бойынша стандартты сұрақтар жиынтығына негізделген стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған құрал. Мысалы, жоба аясында қанша жас жұмыспен қамтылатын болады, қанша әйел, қанша мүмкіндігі шектеулі адам, қанша тәжірибелі қызметкер қайта даярланады немесе қайта жұмысқа орналасады? Сұрақтардың жауаптарына байланысты бағалау картасы әр жобаға тұрақтылық ұпайларын береді. Неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлеме және / немесе жеделдетілген қарау тұрақтылығы неғұрлым жоғары бағаланған жобаларға берілуі мүмкін.

Тұрақты дамудың негізі командада. Бұл – әріптестерімізді олардың құзыреттілігі мен біліктілігіне сәйкес көтермелеуіміз, ынталандыруымыз және қолдауымыз қажет екенін білдіреді.

ҚДБ-да адам ресурстарын дамыту жүйесі қалай құрылған?

Қызметкерлер – бұл біз Директорлар кеңесі деңгейінде үнемі айтып отыратын басты тақырыптық мәселе. Мен ҚДБ-да тәуелсіз директор ретінде төртінші жыл жұмыс істеп келемін және ҚДБ-да жұмыс істейтін әріптестерімнің Уолл-стритте немесе Лондонда жұмыс істеу қабілеттерінің бар екенін байқаймын, бірақ олар таланттары мен дағдыларын өз еліне қызмет етуге арнауды таңдаған. Мұны атап өту маңызды. Демек, біз оларды құзыреттілігі мен біліктілігіне сәйкес ынталандыруымыз керек. Мен әр елдегі өмір сүру деңгейіне байланысты болуы мүмкін қаржылық өтемақы туралы ғана айтпаймын.

Әрине, бұл оңай емес, өйткені ҚДБ мемлекеттік компания болып табылады және теңгерімді сақтау қажет. Дегенмен, біз көтермелеу және ынталандыру тәсілдерімен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Атап айтқанда, біз ақшасыз ынталандыру, соның ішінде қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырып келеміз. Біз қызметкерлерді компания ішінде белсенді түрде ілгерілетеміз, сондай-ақ олар «Бәйтерек» холдингінің ішінде де табысты өсіп келеді. Бізде қызметкерлеріміз атқара алмайтын лауазымдар жоқ.

Қызметкерлердің, мен мақтан тұтатын бірнеше жетістік оқиғалары бар. Осындай мысалдардың бірі – Банк Басқармасының төрағасы Абай Саркуловтың оқиғасы. Ол ҚДБ-дағы қызметін 2007 жылы менеджер ретінде бастап, 2016 жылы Банк Басқармасы төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. 2017 жылы Саркулов мырза «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма төрағасы болды, ал өткен жылы ҚДБ-ға Басқарма төрағасы лауазымында оралды. Бұл – табысқа жету оқиғасының айқын көрінісі. Банктің барлық қызметкерлерінің осындай мансаптық мүмкіндіктері бар екеніне сенгім келеді. Осындай жұмыс жағдайларын жасау ҚДБ-ға өз командасымен бірге өсуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде, бұл Қазақстанның дамуына оң ықпал етері сөзсіз.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79