Қазақстан ағымдағы жылы Абай Құнанбайұлының мерейтойын мемлекеттік деңгейде мерекелеуге дайындалып жатқанын еске саламыз. Бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген іс-шара өткізіледі, қазірдің өзінде жарты жыл бойына әлеуметтік желілерде Абай шығармалары оқылатын флешмобтар мен челлендждер өтуде. Мұндай бастаманы қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге, шетелдіктер де, мысалы, Alibaba интернет-корпорациясының негізін салушы Джек Ма, сондай-ақ композитор Игорь Крутой қолдады.
























