• kz

КЭЗ бес жыл ішінде алюминий өндірісін жылына 265 000 тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлауда - ҚДБ

2010 жылы бастапқы алюминий шығару жөніндегі зауыттың құрылысына ҚДБ 400 млн. доллар мөлшерінде қарыз бергені белгілі.

«Банктің қаражаты бірінші кезектің құрылысын аяқтауға, сондай-ақ ішінара зауыттың екінші кезегінің құрылысын бастауға бағытталды. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 250 мың тонна өнім. Бүгінде кәсіпорын осы көрсеткішке қол жеткізді және өзінің алдына өндірістік көрсеткіштерді ұлғайту бойынша жаңа міндеттер қойып отыр», деп нақтылады ҚДБ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Бақытжан Омаров.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында зауыт алты айдың ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 125 мың тоннаның орнына 127 мың тонна өнім өндіріп, бастапқы алюминий шығаруды 1,6% ұлғайтты.

«Бұл көрсеткішке өндірісті қарқындатудың арқасында қол жеткізілді, атап айтқанда, пайдаланылып жүрген жоғары амперлі электролизердегі токтың күшін ұлғайту негізгі тиімді факторға айналды. Кәсіпорын ағымдағы жылы барлығы 258 мың тонна алюминий шығару ниетінде, бұл да өткен жылғы көрсеткіштен 1,6% жоғары» деп хабарлады өндіріс жөніндегі вице-президенттің міндетін атқарушы Бауыржан Смайылов.

Сондай-ақ кәсіпорында электролиздің қосымша сериясын салу есебінен алюминий шығару және кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру мүмкіндігі зерделенуде. 

Осы жылдың ақпанында электролиз зауыты сұйық алюминий партиясын бірінші рет жөнелткенін атап өту қажет – бес тонна өнімді Giessenhaus компаниясы алды. Кәсіпорында ағымдағы жылы металдың бүкіл көлемі тапсырыс берушіге нақ сұйық түрінде берілетін болады деп түсіндірді, бұл дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан электролиз зауыты – Қазақстанда алюминийді жалғыз өндіруші. Бұл Қазақстанның жаңа тарихында іске асырылған алғашқы ірі индустриялық жобалардың бірі. ҚЭЗ Ресейді, Қазақстанды, Беларусті, Өзбекстанды, Оңтүстік және Орталық Еуропаны қоса алғанда, алюминийді әлемнің 20 астам еліне экспорттайды.

Қазақстан электролиз зауыты жұмысының бар-жоғы он жылы ішінде 2 млн тоннадан астам бастапқы алюминий шығарды. Зауытта 288 электролизерлер жұмыс істейді, олардың тәуліктік өнімділігі бүгінде 2500 кг жетеді.

Қазақстанның Даму Банкі - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады.

Eurasian Resources Group (ERG) толығымен интеграцияланған кен өндіру, қайта өңдеу, энергетикалық, көлік және маркетингтік операцияларды иелене отырып, табиғи ресурстарды өндіру және байыту саласындағы әлемдегі жетекші және барынша әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде ERG құрамында хромы бар феррохром өндірісіндегі әлемдік көшбасшы және темір рудасын аса ірі жеткізушілердің бірі болып табылады. Топ сондай-ақ әлемдегі алюминий шикізатын өндірушілердің ондығына және мыс пен кобальттың басты жеткізушілерінің қатарына кіреді.

ERG бұл Қазақстан Республикасы кен-металлургия кешенінің үштен бірі. ERG сондай-ақ электр энергиясын негізгі жеткізушілердің бірі және Орталық Азиядағы ірі темір жол операторы. Қазақстанда Топтың және елдің аса маңызды кәсіпорындары – «Қазхром» ТҰК, «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКББ), «Қазақстан алюминийі», «Энергоорталык-3» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» (ҚЭЗ), «Еуразия энергетика корпорациясы» (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір» және «ТрансКом» көлік тобы орналасқан.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79