• kz

Қазақстандық «АтырауМұнайМаш» KPO үшін ірі көлемді мұнай-газ жабдығын алғаш рет жасады

«АтырауМұнайМаш» бүгінгі таңда KarachaganakPetroleumOperatingB.V (KPO) үшін үш фазалы сепаратордың екі қондырғысын дайындады. Осындай техникалық сипаттамалары бар және осындай стандарттар бойынша жасалған жабдықтың бұған дейін Қазақстанда жасалмағанын атап айту қажет.

Үш фазалы сепараторлар көмірсутегілі өнімді өндірудің, дайындаудың және қайта өңдеудің күрделі тізбегіндегі өте маңызды жабдық болып табылады. Бұл қондырғы бетке көтерілген  көмір сутегі шикізатын үш фракцияға – мұнайға, газға және суға бөлуге мүмкіндік береді. «АтырауМұнайМашқа» екі сепараторды жобалау мен дайындауға бір жыл қажет болды.

«Бұл жабдық көміртекті металдарға аса агрессивті болатын құрамында күкірт сутегісінің мол мөлшері бар ортамен сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуге тиіс. Сепаратордың ішіндегі  артық қысым қалыпты жұмыс істеу жағдайында 60 атмосферадан асады. Осыған байланысты, көрсетілген жабдық «жалатылған» болаттар қолданыла отырып жобаланған және дайындалған болатын, яғни сепаратордың корпусының сыртқы жағы қалыңдығы 70 мм көміртегілі болаттан орындалды, ол оған қажетті беріктікті қамтамасыз етеді, ал ішкі беті қалыңдығы 5 мм арнайы қорытпадан орындалды, бұл көмірсутегіге сенімді және ұзақ төзімділікті қамтамасыз етеді», - деді «АтырауМұнайМаш» бас директоры Александр Донсков.

Компанияда сепараторлардың халықаралық стандарттар бойынша жобаланғанын және дайындалғанын айтты. Осы жобаны жобалауды және техникалық сүйемелдеуді «Белкамит» компаниясы орындады.

«Осындай жабдықтың дәстүрлі түрде Қазақстанда жеткізушісі  болған еуропалық компанияларға қатысты бәсекеге қабілетті болатынымызға сенімдіміз», - деп атап өтті АММ өкілі.

Бұдан басқа, 2018 жылдың аяғына дейін зауытта ТШО, KPGV, NCOC, GATE және басқа да мұнай өндіретін компаниялар үшін жабдықтар – жоғары қысым сауыттарын, резервуарлар, сепараторлар, газ-реттеу станцияларын және т.б. дайындау ниетінде. 

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79