• kz


Отандық автоөндірушілерді қолдау

ҚР Ұлттық Қоры мен Республикалық бюджетінің қаражаты екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) келісілген қаржыландыру арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау үшін жеке тұлғаларға – қазақстандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру үшін бөлінеді.

Қаржыландырудың жалпы лимиті – Ұлттық қор қаражатынан 26 млрд теңге, республикалық бюджет қаражатынан 16 млрд теңге және ҚР Ұлттық Банкі қаражатынан 40 млрд теңге. 

Екінші деңгейдегі банктер түпкілікті қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне сараптама жүргізеді және қарыз беру туралы шешім қабылдайды. Жеке тұлғаларға қарыз беру кезегін Екінші деңгейдегі банктер жүргізеді.

Екінші деңгейдегі банктерде бағдарлама шеңберінде қарыз беру үшін бос қаражат болған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер Даму Банкіне жеке тұлғалардың мақұлданған өтінімдері жөнінде ақпарат жібереді. Даму Банкі ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде келіп түскен өтінімдерді бағдарламаның шарттарына (автомобильдің ең қымбат құны, кредит мерзімі, сыйақының номиналдық ставкасы) сәйкестігі мәніне тексереді және 3 жұмыс күнінің ішінде екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы шоттан қаражатты есептен шығару мүмкіндігін растайды. ҚР Республикалық бюджетінен және Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы шоттан қаражатты есептен шығаруды растау рәсімі жоқ.

Жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасының шарттары:

1 көліктің құны

15 млн теңгеден артық емес

Несиелеу мерзімі

7 жылдан аспайды

Қарыз валютасы

теңге

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі

жылдық 4% дейін (жылдық тиімді мөлшерлеме (автокөлікті сақтандыру және кепілге рәсімдеу бойынша шығындарды қамтиды) жылдық 7,5%-дан аспауға тиіс)

Бағдарламаға қатысатын автоөндірушілердің тізбесі:

ТОО "СарыаркаАвтоПром"
ТОО «HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN»*

  «СарыарқаАвтоПром» ЖШС   «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС

1.

JAC J7 PLUS

1.

Hyundai Accent

2.

JAC J7

2.

Hyundai I20

3.

JAC JS4

3.

Hyundai I30

4.

JAC JS8

4.

Hyundai Elantra

5.

JAC JS6

5.

Hyundai Sonata

6.

JAC S3 PRO

6.

Hyundai Bayon

7.

JAC JS5

7.

Hyundai Tucson

8.

JAC EJ-7

8.

Hyundai Mufasa

9.

Kia K5

 

 

10.

Kia Sportage

 

11.

Kia Ceed

 

 

12.

Kia Ceed SW

 

 

13.

Kia Cerato

 

 

14.

Kia Soul

 

 

15.

Kia Seltos

 

 

16.

Skoda Kamiq

 

 

17.

Chevrolet Cobalt

 

 

18.

Chevrolet Onix

 

 

19.

Chevrolet Tracker

 

 

20.

Chevrolet Captiva

 

 

21.

Chevrolet Damas

 

 

22.

Jetour X50

 

 

23.

Jetour Dashing

 

 

24.

Jetour X70

 

 

25.

Jetour X70Plus

 

 

26.

Jetour X90 Plus

 

 

27.

Geely EX5

 

 

28.

Geely EX5 EM-I

 

 

29.

Geely Cityray

 

 

30.

Geely Preface

 

 

31.

MG MG5

 

 

32.

МG ZS

 

 

33.

МG HS

 

 

* «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС автоөндірушісі бойынша модельдер Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 қаулысымен бекітілген Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу бағдарламасының шеңберінде 2020 жылы Екінші деңгейдегі банктерге берілген 20 млрд.теңге шеңберінде қолжетімді.

Отандық автоөндірушілерді қаржыландыруға қатысатын ЕДБ тізбесі:

Банк ҚР ҰҚ аясындағы лимит, мың теңге ҚР РБ аясындағы лимит, мың теңге ҚР ҰБ аясындағы лимит, мың теңге
«Еуразиялық банк» АҚ 7 540 000 5 375 000 10 000 000
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 12 045 906 6 750 000
25 000 000
«Банк ЦентрКредит» АҚ 4 060 000 3 875 000
«Forte Bank» АҚ 1 735 992 - 5 000 000
«АТФ Банк» АҚ («Jusan Bank» АҚ ЕБ) 
618 102 -
Барлығы 26 000 000 16 000 000 40 000 000

Бағдарлама 20 жылға есептелген және «револьверлік» несиелендіруге негізделген: кредит алған жеке тұлғалардың негізгі борышты өтеуден түсетін қаражат есебінен банктер автомобиль сатып алуға жаңа қарыздар беретін болады.

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша есептілік


Қатысушы банктер



chat-bgov

Кеңес ал!