• kz

ҚДБ басшысы «Қазақстан – Башқұртстан» форумына қатысты

24 қаңтарда Астанада екі тараптың мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысқан «Қазақстан-Башқұртстан» бизнес-форумы өтті. Іс-шара жұмысына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Басқарма төрағасы Марат Елібаев қатысты.


IMG_2103.JPG


«Қазақстан-Башқұртстан: Мәдениеттер үйлесімі және экономикалық әріптестік» пленарлық сессиясында ол бизнес-форум қатысушыларына Банктің жұмысы мен қызметтері туралы баяндады.

«ҚДБ – өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдағы ірі жобаларды қаржыландыруға және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдауға бағытталған мемлекеттік даму институты», – деді Марат Елібаев өз сөзінде.


Марат Елібаев РК РБ.jpeg


Ол үшін, естеріңізге сала кетейік, ҚДБ инвестициялық жобаларды, лизинг пен сауданы қаржыландыруды, синдикатталған кредиттеуді және банктік кепілдік беруді қоса алғанда, бизнесті қолдау құралдарын пайдаланады. Сондай-ақ, Банктің еншілес құрылымы Өнеркәсіпті дамыту қоры өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін лизинг және қаржыландыру құралдарын ұсынатын бизнесті қолдаумен белсенді айналысады.

ҚДБ басшысы Қазақстан мен Башқұртстанның экономикалық қатынастарын дамытуға көмектесетін ынтымақтастық бағыттарын атап өтті – бұл Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ Қазақстаннан Башқұртстанға экспорттық операцияларды қаржыландыру.

Сөз соңында Марат Елібаев ҚДБ қызметтері Қазақстан мен Башқұртстан бизнесі арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту аясында пайдалы болатынына сенім білдіріп, форум қатысушыларын одан әрі ынтымақтастыққа шақырды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79