«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) екі халықаралық көрмені - Ondeu EXPO өңдеу өнеркәсібінің көрмесін және Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу мамандандырылған көрмесін біріктірген индустриялық іс-шараға қатысуда. Іс-шара 10-12 мамыр аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында өтеді.
ҚДБ-ның көрмеге қатысуы - бизнеспен тиімді диалог құруға, әлеуетті клиенттермен кездесуге және іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Айта кетейік, көрмеде отандық компаниялармен қатар шетелдік компаниялардың да экспозициялары ұсынылған, атап айтсақ әлемнің 17 елінен 250-ден астам экспонент қатысуда.
Отандық кәсіпорындар қатарында көрмеде ҚДБ-ның клиенттері де бар - Hyundai Trans Kazakhstan және «Аллюр компаниялар тобы» АҚ құрастырған қазақстандық автомашиналар, «Агромашхолдинг KZ» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы, «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумуляторлары және «ҚазАзот» минералды тыңайтқыштар өндірушісінің стенді қойылған.
Айта кетейік, көрме іскерлік бөлімінің басты оқиғасы - Қазақстанның машина жасаушыларының XI Форумы, онда Банк өкілдері панельдік сессияларға қатысады.