• kz

Даму Банкі журналистер арасындағы «Жарқын болашаққа ҚДБ-мен бірге» байқауының дедлайн мерзімін ұзартады

Журналистер арасындағы «Жарқын болашаққа ҚДБ-мен бірге» біздің жобаларымыздың қызметі туралы үздік материалға байқау ірі индустриялық жобаларды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығындағы оқиғаларды жария ететін журналистер мен редакциялық ұжымдардың шығармашылық қызметін көтермелеу мақсатында Даму Банкінің 20 жылдық мерейтойына орай өткізілетінін еске саламыз.

ҚДБ ел дамуының басты институты бола отырып, міне, 20 жыл бойы республиканың одан әрі гүлденуі үшін берік инфрақұрылымдық қорды қамтамасыз ететін ірі индустриялық жобаларды іске қосып келеді. Қазіргі таңда Банк елдің барлық дерлік өңірлері мен энергетикадан бастап тамақ өнеркәсібіне дейінгі экономика салаларын қамтыған. Халықтың әл-ауқатын қолдауға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы саналатын ҚДБ қызметінің нәтижелерін миллиондаған қазақстандықтар тікелей сезіне алады.  

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: «Үздік сұхбат», «Үздік репортаж», «БАҚ-тағы үздік материал». Бұдан басқа, «ҚДБ қызметін белсенді және біліктілікпен жария еткені үшін» арнайы номинация берілетін болады. Үш номинацияның кез келгені бойынша сыйлық мөлшері 150 мың теңгені, арнайы номинация бойынша 200 мың теңгені құрайды. 

Материалдар тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы, материалдың толық ашылуы, стилистика және баяндаудың бірегейлігі сияқты өлшемшарттар бойынша бағаланатын болады. Конкурстың қазылар алқасы ҚДБ және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұрады.

Конкурс шарттары:
  • Республикалық, өңірлік және халықаралық басылымдардың штаттық және штаттан тыс қызметкерлерін қоса алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатыса алады.
  • Баяндау тілі – қазақ, орыс немесе ағылшын.
  • Форматы мен жанры шектелмеген: очерктерден сұхбатқа дейін, ең бастысы - шынайылық, объективтілік және эксклюзивтілік қағидаттарын ұстану, сондай-ақ журналистиканың этикалық нормаларын ұстану.
  • Конкурсқа қатысуға 2021 жылғы 31 мамырдан бастап 1 желтоқсанды қоса кезеңде баспа БАҚ-та немесе интернет - ресурстарда, теле-немесе радиоарналарда жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады.
  • Байқау материалдары мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А немесе pressa@kdb.kz электрондық поштасына жолдау арқылы, «Жарқын болашаққа ҚДБ-мен бірге» конкурсына қатысу үшін» белгісімен.
  • Конкурстың қорытындылары 2021 жылғы 15 желтоқсанда шығарылады және www.kdb.kz сайтында жарияланады.
Сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 79 26 08 телефонына хабарласуға болады.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79