• kz

Банктің 2024-2026 жылдардағы қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге 2024 жылғы 20 наурызда «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде өткізілген тендер нәтижелері бойынша «КПМГ Аудит» ЖШС-мен ұзақ мерзімді шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалды. Шарт бойынша аудит құнының мөлшері ҚҚС-ны қоса есепке алғанда 567 280 мың теңгені құрайды.

Шартқа сәйкес, аудиторлық ұйымның 2024 жылғы сыйақы мөлшері ҚҚС-ты қоса есепке алғанда 163 363 мың теңгені құрады және аудиторлық қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындарды қамтиды.

2024 жылы сыртқы аудитор көрсеткен қызметтер тізбесі:

  • қаржылық есептілікке жарты жылдық шолу;
  • 9 айдағы қаржылық есептілік бойынша аралық аудиторлық рәсімдер;
  • жылдық қаржылық есептілік аудиті.

2024 жылы «КПМГ Аудит» ЖШС еурооблигацияларды шығару шеңберінде растау хатын ұсыну бойынша қосымша қызметтер көрсетті. Бұл қызметтердің құны ҚҚС-ны қоса есепке алғанда 224,0 млн теңгені құрады.

2024 жылы сыртқы аудиторлар қаржылық есептілік аудитімен байланысты емес, аудиторлық ұйымға төленетін жалпы құнның 50%-дан астамын құрайтын консультациялық қызметтер көрсетпеді.

Анықтама: «КПМГ Аудит» ЖШС 2008 жылдан бастап Банктің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді. «КПМГ Аудит» ЖШС-нің әріптесі 2012 жылы және 2019 жылы ауыстырылды.

2024-2026 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу шеңберінде әріптестің кезекті ауысымы болды.

Аудиторлық компания әріптесінің міндетті ауысу кезеңділігі Директорлар кеңесі 2015 жылғы 10 маусымда (№169-2015-06 хаттама) бекіткен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Сыртқы аудит туралы саясат нормаларына өзгерістер мен толықтырулармен сәйкес келеді.


chat-bgov

Кеңес ал!