• kz

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Банк мына басым салалардағы жобаларды қаржыландырады: металлургия, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі (өңдеумен бірге), химия және мұнай-химия, фармацевтика, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ туризм, медицина, білім беру және инфрақұрылым.

Негізгі шарттар: экономикалық маңыздылық, «даму индексінің» жоғары болуы, экспорттық әлеует, қосымша экономикалық ықпал және ESG қағидаттарына сәйкестік.

Қажетті құжаттар: бизнес-жоспар, жобаның қаржылық моделі, құрылтай құжаттары, қамтамасыз етуді растайтын материалдар (қажет болған жағдайда), сондай-ақ Банктің ішкі ережелерінде белгіленген өзге де материалдар.
Өтінімдер Қазақстанның Даму Банкінің орталық кеңсесіне тікелей немесе ішкі бағдарламалар мен рәсімдер аясында электрондық түрде беріледі.
Банк негізінен ірі инвестициялық және экспорттық жобаларды (3–7 млрд теңгеден бастап) қаржыландырады. ШОБ үшін жанама қолдау екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы көрсетіледі.

Инвестициялық жобалар: 7 млрд теңгеден бастап (тамақ өнеркәсібі үшін – 3 млрд теңгеден).

Экспорттық операциялар: 1 млрд теңгеден бастап.

Мерзімдері: инвестициялық жобалар үшін 5 жылдан 20 жылға дейін, экспорттық операциялар бойынша – жеке тәртіппен белгіленеді.

Иә, кепілдік, мүліктік және аккредитивтік қамтамасыз ету талап етіледі. Еншілес ұйымдарды қаржыландыру немесе жекелеген қаржы құралдары қамтамасыз етуді талап етпей ұсынылуы мүмкін
Иә, Банк шетелдік компанияларды (импортерлерді, банктерді және қаржы ұйымдарын) қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін қаржыландыра алады.
Ресми сайт арқылы: www.kdb.kz, Астанадағы орталық кеңсе, сондай-ақ байланыс телефондары мен электрондық пошта арқылы (деректер сайтта көрсетілген).
chat-bgov

Кеңес ал!