• kz

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, Даму Банкі немесе ҚДБ):

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №531 «Қазақстан Даму Банкі туралы» Жарлығымен

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы №659 «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қаулысына сәйкес құрылған.

Банктің миссиясы

Экономиканың шикізаттық емес секторын тұрақты дамыту және экономиканың өсуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру есебінен ұлттық әл-ауқатты жақсарту.

Банктің пайымдауы

Елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін өз қызметінің барлық салаларында озық саясаты бар ұлттық қаржы даму институты.

Cтратегиялық бағыттары
  • Банктің ҚР экономикасына салымын ұлғайту
  • Банк активтерін тиімді басқару
  • Тұрақты даму

Стратегиялық мақсаттар

  • Импортты алмастыруды және экспорттық әлеуетті қоса алғанда, жоғары әлеуметтік-экономикалық әсері бар өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру

  • Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу

  • Ел экономикасын дамытуда жеке сектордың рөлін арттыруға жәрдемдесу

  • Банк қоржындарының сапасын қамтамасыз ету

  • Жобаларды қаржыландыру үшін ресурстық базаны кеңейту

  • Банктің қызметіне ESG қағидаттарын енгізу

Банктің қағидаттары

Даму Банкі өз қызметінде өз миссиясын негізге ала отырып, мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

  • Жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру

  • Клиентке бағдарлану, қызметтің ашықтығына және заңдылығын қамтамасыз етуге ұмтылу.

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының міндеттерімен келісімділік

  • Қызмет шығыны

ҚСНК атауы Өлшем бірлігі 2023
1. Есепті кезеңдегі игеру көлемі млрд теңге 1 127
2. Есепті кезеңде Банктің қолдауына ие болған кәсіпорындар түсімінің көлемі млрд теңге 5 168
3. Есепті кезеңде Банктің қолдауына ие болған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі млрд теңге 2 081
4.  АӨК саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі млрд теңге 15
5.  Жалпы активтерден кредиттік және лизингтік портфельдердің үлесі % 77
6.  Кредиттік портфельдегі провизиялар деңгейі % 10% артық емес
7.  ESG рейтингі рейтинг Базалық (2024) +1
8.  Цифрландыру жағдайындағы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалу дәрежесі % 100

30.06.2024 жылғы жағдай бойынша (аудиттелмеген) 30.06.2023 жылғы жағдай бойынша (аудиттелмеген) 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша
Меншікті капитал, млрд теңге 884,3 787,1 886,5 614,5
Активтер, млрд теңге 4 802,2 4 080,7 4 310,7 3 942,9
6 айдағы таза пайда, млрд теңге 69,2 72,3
Бір жылдағы таза пайда, млрд теңге 180,0 34,1
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, бірл. 240 227

Заңнамалық актілер