• kz

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, Даму Банкі немесе ҚДБ):

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №531 «Қазақстан Даму Банкі туралы» Жарлығымен

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы №659 «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қаулысына сәйкес құрылған.

Банктің миссиясы

Экономиканың шикізаттық емес секторын тұрақты дамыту және экономиканың өсуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру есебінен ұлттық әл-ауқатты жақсарту.

Банктің пайымдауы

Елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін өз қызметінің барлық салаларында озық саясаты бар ұлттық қаржы даму институты.

Cтратегиялық бағыттары
  • Банктің ҚР экономикасына салымын ұлғайту
  • Банк активтерін тиімді басқару
  • Тұрақты даму

Стратегиялық мақсаттар

  • Импортты алмастыруды және экспорттық әлеуетті қоса алғанда, жоғары әлеуметтік-экономикалық әсері бар өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру

  • Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу

  • Ел экономикасын дамытуда жеке сектордың рөлін арттыруға жәрдемдесу

  • Банк қоржындарының сапасын қамтамасыз ету

  • Жобаларды қаржыландыру үшін ресурстық базаны кеңейту

  • Банктің қызметіне ESG қағидаттарын енгізу

Банктің қағидаттары

Даму Банкі өз қызметінде өз миссиясын негізге ала отырып, мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

  • Жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру

  • Клиентке бағдарлану, қызметтің ашықтығына және заңдылығын қамтамасыз етуге ұмтылу.

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының міндеттерімен келісімділік

  • Қызмет шығыны

ҚСНК атауы Өлшем бірлігі 2024
1. Есепті кезеңдегі игеру көлемі млрд теңге 1 465,7
2. Есепті кезеңде Банктің қолдауына ие болған кәсіпорындар түсімінің көлемі млрд теңге 4 164,9
3. Есепті кезеңде Банктің қолдауына ие болған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі млрд теңге 2 096,4
4. АӨК саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі млрд теңге 49
5. Жалпы активтерден кредиттік және лизингтік портфельдердің үлесі % 67,8%
6. Кредиттік портфельдегі провизиялар деңгейі % 7,64%
7. ESG рейтингі рейтинг ESG рейтингі «64» жалпы ұпаймен «2» деңгейінде
8. Цифрландыру жағдайындағы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалу дәрежесі % 100

  30.06.2025 жылғы жағдай бойынша (аудиттелмеген) 30.06.2024 жылғы жағдай бойынша (аудиттелмеген) 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша
Меншікті капитал, млрд теңге 1 099,7 884,3 962,0 886,5
Активтер, млрд теңге 6 136,5 4 802,2 5 648,2 4 310,7
6 айдағы таза пайда, млрд теңге 96,8 69,2
Бір жылдағы таза пайда, млрд теңге 134,5 180,0

Заңнамалық актілер

chat-bgov

Кеңес ал!